О внесении изменения в постановление акимата района от 6 марта 2017 года № 10/03 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата района от 6 марта 2017 года № 10/03 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности»
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 10/03 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24/07
- Қабылданған күні
- 19.06.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.04.2026 113577_817805.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.04.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KK004304
- ЭКБ идентификаторы
- 113577
- Редакция идентификаторы
- 113577_817805
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:45
0 Аудан әкімдігінің
2017 жылғы 6 наурыздағы
№ 10/03 «Азаматтық қызметші
болып табылатын
және ауылдық жерде жұмыс істейтін
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру,
білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесін айқындау туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 және 139 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 10/03 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4195 болып тіркелген, 2017 жылғы 08 сәуірдегі №13(1203) «Бұқар жырау жаршысы» аудандық газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Руслан Есенбекович Нурмуханбетовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Бұқар жырау аудандық
мәслихат хатшысы
______________________ А.С.Әли
«19» маусым 2017 жыл
4 Бұқар жырау аудан әкімдігінің
2017 жылғы 19 маусымдағы
№ 24/07 қаулысына
қосымша
Бұқар жырау аудан әкімдігінің
2017 жылғы 6 наурыздағы
№ 10/03 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының (оның ішінде бірінші) орынбасары, бөлім, зертхана басшысы, дәріхана меңгерушісі;
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық дәрігерлері, акушер, тіс технигі, медбике, медициналық зертханашы, провизор, психолог, рентген зертханашысы, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер, фармацевт, фельдшер, фельдшер-зертханашы, оптик-офтальмолог, оптикометрист, медбике көмекшісі, зертханашы (оның ішінде зертханашы – бактериолог, лаборант – паразитолог, санитарлық – гигиеналық зертхананың зертханашысы).
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1) бөлімше жетекшілері, оның ішінде: бөлім меңгерушісі;
2) мамандары (бас, аға), оның ішінде: әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер.
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1) басшы, басшының орынбасары (оның ішінде мектеп, мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің директоры, оқу ісінің және тәрбие ісінің меңгерушілері), әдістемелік кабинеттің меңгерушісі;
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандық мұғалімдері (оның ішінде: дефектолог мұғалім, логопед, бастапқы әскери дайындық мұғалімі, қосымша білім беру педагогы, әлеуметтік педагог), бухгалтер, экономист, әдіскер, психолог, медбике, аға вожатый, вожатый, тәрбиеші, музыка маманы, шығармашылық студия үйірмесінің басшысы, зертханашы, тәрбиешінің көмекшісі, инженер-программист, кітапханашы, өндірістік оқыту шебері, музыка жетекшісі, нұсқаушы (оның ішінде балалармен жұмыс, еңбек және өндірістік оқыту бойынша).
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мәдениет қазыналық мекемесінің басшысы және басшының орынбасары, мұражай директоры, аудандық кітапхана директоры, кітапхана, жинақтау және өңдеу бөлімінің, қызмет көрсету бөлімінің, ақпаратты библиографиялық бөлімінің, даму бөлімінің, мемориалдық кешенмен меңгерушісі;
2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: әдіскер (оның ішінде кітапханаларды дамыту бөлімінің), барлық атаулы суретшілер, шығармашылық жетекші, кітапханашы, аға библиограф, экскурсия жетекшісі, редактор, режиссер, мұражай қараушысы, қоюшы-оператор, желілік киноаппаратура және дыбыс жазу операторы, дыбыс режиссері, хореограф, үйірме жетекшісі, солист, музыкалық жетекші, дирижер (оның ішінде оркестр жетекшісі), концертмейстер, инструктор, клуб меңгерушісі, инспектор, мәдени ұйымдастырушы, аккомпаниатор, балетмейстер, бухгалтер, экономист, хормейстер, қорлардың, экспонаттардың құндылығын сақтаушы.