О внесении дополнений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 6 апреля 2017 года № 1371 «О едином организаторе государственных закупок»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 6 апреля 2017 года № 1371 «О едином организаторе государственных закупок»
- Атауы (қаз.)
- Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3228
- Қабылданған күні
- 07.08.2017
- Көрсетілген редакция
- 03.06.2019 114193_409323.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.06.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VA005169
- ЭКБ идентификаторы
- 114193
- Редакция идентификаторы
- 114193_409323
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 04:14
0 Өскемен қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371
«Мемлекеттік сатып алуды
бірыңғай ұйымдастырушы туралы»
қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сай, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы» қаулысына (№ 4974 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 сәуірде, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2017 жылғы 29 сәуірінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулыда:
келесі мазмұндағы 1-1- тармағымен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі осы қаулыға қосымшаға сай анықталсын»;
осы қаулыға қосымшаға сай қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар тізбесі
Өскемен қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «07» 08
№ 3228 қаулысына
қосымша
Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы
ұйымдастыратын және өткізетін жұмыстар тізбесі
р/р
№
Жұмыстардың атауы
1.
Бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу, ол жерде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері болады, сондай-ақ тапсырыс берушілер ретінде коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар, Өскемен қаласының заңды тұлғалары болады, олардың елу және одан көп дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі (бюджет заңнамасымен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)
2.
Іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар аясында сатып алынатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)
3.
Қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)
4.
Су құбырлық және жылу желілерінің, канализациялардың жөндеу жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)
5.
Абаттандыру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда)
Ескерту: айлық есептік көрсеткіштің аталған мөлшері ҚҚС бірге есепке
алынады