Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 6 апреля 2017 года № 1371 «О едином организаторе государственных закупок»

Қаулы · № 1865 · қабылданған 02.05.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2017-no-1371/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 6 апреля 2017 года № 1371 «О едином организаторе государственных закупок» Күшін жойған Қаулы ·№ 1865 ·02.05.2018
03.06.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 6 апреля 2017 года № 1371 «О едином организаторе государственных закупок»

Күшін жойған Қаулы ·№ 1865 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 6 апреля 2017 года № 1371 «О едином организаторе государственных закупок»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1865
Қабылданған күні
02.05.2018
Көрсетілген редакция
03.06.2019 121712_409319.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18VA005636
ЭКБ идентификаторы
121712
Редакция идентификаторы
121712_409319
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:38

0 «Мемлекеттік сатып алуды

бірыңғай ұйымдастырушы туралы»
Өскемен қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы туралы» Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 1371 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4974 тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылғы 27 сәуірде, «Дидар», «Рудный Алтай» газеттерінде 2017 жылдың 29 сәуірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сай жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

4 4) осы қаулы ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Е. Қоңырбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс тізімдері

Өскемен қаласы әкімдігінің
2018 жылғы «02» мамыр
№ 1865 қаулысына
қосымша
Бірыңғай ұйымдастырушымен орындалатын мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс тізімдері
р/р

Жұмыстардың атауы
1.
Бюджеттік қаражат есебінен іске асырылатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу, ол жерде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде Өскемен қаласының мемлекеттік мекемелері болады (бюджет заңнамасымен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
2.
Іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалар аясында сатып алынатын жаңа объектерді құру (құрылысы) немесе қолданыстағы объектерді реконструкциялау және күрделі жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
3.
Қалалық маңызы бар автомобиль жолдарын орташа, ағымдағы жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
4.
Су құбырлары және жылу желілерінің, канализациялардың жөндеу жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
5.
Абаттандыру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржылық жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселік мөлшерін сатып алу үшін бөлінген сомадан асқанда).
Ескерту: айлық есептік көрсеткіштің аталған мөлшері ҚҚС-пен бірге есепке алынады

Қолданыстағы