О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 6 октября 2017 года № 14/166-VI «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Восточно-Казахстанского областного маслихата от 6 октября 2017 года № 14/166-VI «Об утверждении Правил регулирования миграционных процессов в Восточно-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 12/101-VII
- Қабылданған күні
- 14.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 15.12.2023 162970_681452.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21V012101M
- ЭКБ идентификаторы
- 162970
- Редакция идентификаторы
- 162970_681452
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:04
0 «Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін
реттеу қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VІ
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 14/166-VІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5254 болып тіркелген) «Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларында:
3-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;
5, 6 және 7-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«5. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.».