Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата Жамбылской области от 6 октября 2017 года № 15-10 «Об утверждении правил регулирования миграционных процессов в Жамбылской области»

Ереже · № 7-9 · қабылданған 30.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2017-no-15-10/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата Жамбылской области от 6 октября 2017 года № 15-10 «Об утверждении правил регулирования миграционных процессов в Жамбылской области» Қолданыста Ереже ·№ 7-9 ·30.06.2021
30.06.2021 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата Жамбылской области от 6 октября 2017 года № 15-10 «Об утверждении правил регулирования миграционных процессов в Жамбылской области»

Қолданыста Ереже ·№ 7-9 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата Жамбылской области от 6 октября 2017 года № 15-10 «Об утверждении правил регулирования миграционных процессов в Жамбылской области»
Атауы (қаз.)
«Жамбыл облысында көші-қон процестерін реттеудің қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 6 қазандағы № 15-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7-9
Қабылданған күні
30.06.2021
Көрсетілген редакция
30.06.2021 157533_532461.kaz
Соңғы өзгеріс
30.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21G000009M
ЭКБ идентификаторы
157533
Редакция идентификаторы
157533_532461
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:44

0 «Жамбыл облысында көші-қон процестерін

реттеудің қағидаларын бекіту туралы»
Жамбыл облыстық мәслихаттың
2017 жылғы 6 қазандағы № 15-10 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Жамбыл облысында көші-қон процестерін реттеудің қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 15-10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3545 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл облысындағы көші-қон процестерін реттеу Қағидаларында:
3 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қандастарды және қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастар және қоныс аударушылар отбасыларының шекті саны.»;
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жамбыл облысы аумағындағы көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірдің тиісті аумағын белгілеуге (алып тастауға);
шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.»;
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.»;
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу, оның ішінде білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.».

2 2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық маслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Қолданыстағы