Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2017 года № 175 «Об утверждении Правил выдворения за пределы Республики Казахстан иностранца или лица без гражданства в принудительном порядке»

Қаулы · № 664 · қабылданған 14.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2017-no-175-ekb-147416/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2017 года № 175 «Об утверждении Правил выдворения за пределы Республики Казахстан иностранца или лица без гражданства в принудительном порядке» Қолданыста Қаулы ·№ 664 ·14.10.2020
14.10.2020 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2017 года № 175 «Об утверждении Правил выдворения за пределы Республики Казахстан иностранца или лица без гражданства в принудительном порядке»

Қолданыста Қаулы ·№ 664 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2017 года № 175 «Об утверждении Правил выдворения за пределы Республики Казахстан иностранца или лица без гражданства в принудительном порядке»
Атауы (қаз.)
«Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
664
Қабылданған күні
14.10.2020
Көрсетілген редакция
14.10.2020 147416_488998.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000664
ЭКБ идентификаторы
147416
Редакция идентификаторы
147416_488998
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:18

0 «Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі

№ 175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
6 сәуірдегі № 175 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 13, 89-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық- атқару кодексінің 70-бабының бірінші бөлігіне және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидалары 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 70-бабының бірінші бөлігіне және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салуды белгілеп, шығарып жіберілетін көшіп келушіні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) дейін шығарып салу арқылы шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберу оны теміржол көлігімен Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктіне дейін ішкі істер органдарының шығарып салуы арқылы жүзеге асырылады. Теміржол қатынасы (маршруты) болмаған жағдайда шығарып жіберу көліктің өзге түрлерімен (әуе, автомобиль немесе су) жүзеге асырылады.
Шығарып жіберілетін көшіп келуші Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункті бар елді мекенде болған жағдайда оны шығарып салу автомобиль көлігімен немесе жаяу тәртіппен жүзеге асырылады.
Шет мемлекеттен Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шартқа сәйкес қабылданған, бірақ Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға заңды негіздері жоқ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасы мен осындай адам азаматы болып табылатын не тұрақты (көбінесе) тұратын мемлекет арасында Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарт болмаса, шығарып жіберілуге жатады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін адамның өзі, заңсыз көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған не көшіп келушінің Қазақстан Республикасында заңсыз болу фактісі анықталған сәтте оның еңбегін пайдаланған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді. Аталған тұлғалардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не жеткіліксіз болған жағдайда, тиісті шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, бұл ретте шығарып жіберуге жұмсалған қаражат мүдделі мемлекеттік органдардың жоғарыда аталған тұлғаларға талап-арыздары бойынша сот тәртібімен өтеуге жатады.»;
11-тармақ алып тасталсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы