Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Сандыктауского района от 6 июня 2017 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Сандыктауского района»

Өзге акт · № 6 · қабылданған 08.12.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2017-no-2-ekb-149979/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Сандыктауского района от 6 июня 2017 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Сандыктауского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 6 ·08.12.2020
08.12.2020 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Сандыктауского района от 6 июня 2017 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Сандыктауского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 6 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Сандыктауского района от 6 июня 2017 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Сандыктауского района»
Атауы (қаз.)
Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 «Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
08.12.2020
Көрсетілген редакция
08.12.2020 149979_498115.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20BP008236
ЭКБ идентификаторы
149979
Редакция идентификаторы
149979_498115
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:16

0 Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 «Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Сандықтау ауданы әкімінің «Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 тіркелген, 2017 жылғы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

4 «4. № 600 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Хуторок ауылы, Талғат Бигелдинов көшесі, 10, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрілігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Шекаралар: Хуторок ауылы.»;
16 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

16 «16. № 615 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Новоселовка ауылы, Қараөткел көшесі, 20/1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Сандықтау аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы Новоселовск медициналық пунктінің ғимараты.
Шекаралар: Новоселовка ауылы.»;
34 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

34 «34. № 636 сайлау учаскесі

Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Петровка ауылы, Абай атындағы көшесі, 36, Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жанындағы «Балкашин аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Петровка ауылдық клубының ғимараты.
Шекаралар: Петровка ауылы.»;
5, 7 тармақтарда «Джамбул» сөзі «Жамбыл» сөзімен ауыстырылсын;
5 тармақта қазақ тіліндегі «Чернова» сөзі «Чернов» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы
«__» ___________ 2020 жыл

Қолданыстағы