Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима Сандыктауского района от 6 июня 2017 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Сандыктауского района»

Өзге акт · № 4 · қабылданған 24.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2017-no-2-ekb-189356/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима Сандыктауского района от 6 июня 2017 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Сандыктауского района» Қолданыста Өзге акт ·№ 4 ·24.11.2023
24.11.2023 редакциясы
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение акима Сандыктауского района от 6 июня 2017 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Сандыктауского района»

Қолданыста Өзге акт ·№ 4 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима Сандыктауского района от 6 июня 2017 года № 2 «Об образовании избирательных участков на территории Сандыктауского района»
Атауы (қаз.)
Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 «Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
24.11.2023
Көрсетілген редакция
24.11.2023 189356_667834.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23BP865603
ЭКБ идентификаторы
189356
Редакция идентификаторы
189356_667834
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:25

0 Сандықтау ауданы әкімінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 «Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Сандықтау ауданы әкімінің «Сандықтау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2017 жылғы 6 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6012 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасында:
№ 613 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 613 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Байдалы ауылы, Балуан Шолақ көшесі, 4, Сандықтау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жанындағы «Балкашин аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы Веселое ауылдық Мәдениет үйінің ғимараты.
Шекаралар: Байдалы ауылы.»;
№ 632 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 632 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Құмдыкөл ауылы, Абаскалов көшесі, 4/1, Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Сандықтау аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жанындағы Құмдыкөл ауылы медициналық пунктінің ғимараты.
Шекаралар: Құмдыкөл ауылы.»;
№ 633 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«№ 633 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Маралды ауылы, Қаскен Баймышев көшесі, 1, «Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Маралды орман шаруашылығы мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кеңсесінің ғимараты.
Шекаралар: Маралды ауылы.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Сандықтау аудандық
аумақтық сайлау
комиссиясы

Қолданыстағы