Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение Енбекшиказахского районного маслихата от 6 ноября 2017 года № 20-5 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе»

Өзге акт · № 32-64 · қабылданған 07.08.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2017-no-20-5/on/2026-09-11/
Басып шығарылды 2026-09-11 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение Енбекшиказахского районного маслихата от 6 ноября 2017 года № 20-5 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 32-64 ·07.08.2018
28.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение Енбекшиказахского районного маслихата от 6 ноября 2017 года № 20-5 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 32-64 · 11.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение Енбекшиказахского районного маслихата от 6 ноября 2017 года № 20-5 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе»
Атауы (қаз.)
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 қарашадағы «Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» № 20-5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
32-64
Қабылданған күні
07.08.2018
Көрсетілген редакция
28.09.2020 124459_484579.kaz
Соңғы өзгеріс
28.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18DH004821
ЭКБ идентификаторы
124459
Редакция идентификаторы
124459_484579
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:34

0 Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 қарашадағы «Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»

№ 20-5 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының «Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2017 жылғы 6 қарашадағы № 20-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4391 тіркелген, 2017 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы