О внесении изменений в постановление акимата Байганинского района от 6 февраля 2017 года № 26 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Байганинскому району на 2017 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Байганинского района от 6 февраля 2017 года № 26 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы по Байганинскому району на 2017 год»
- Атауы (қаз.)
- Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 «Байғанин ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 213
- Қабылданған күні
- 23.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2021 116644_508014.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17CD005725
- ЭКБ идентификаторы
- 116644
- Редакция идентификаторы
- 116644_508014
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:11
0 Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 «Байғанин ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Бiлiм туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, Байғанин аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 26 «Байғанин ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5272 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда аудандық «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Байғанин ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы»;
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Байғанин ауданы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулының қосымшасында:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Байғанин ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері»;
«Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері /теңге/» төртінші бағаны алынып тасталсын.