О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2017 года № 624 «О некоторых вопросах специальных экономических зон»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2017 года № 624 «О некоторых вопросах специальных экономических зон»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 9
- Қабылданған күні
- 22.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2020 139042_441344.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2000000009
- ЭКБ идентификаторы
- 139042
- Редакция идентификаторы
- 139042_441344
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:15
0 «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«АЭА-ның аумағы 2130 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. АЭА республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесiне кіруін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту, тиiмдiлiгi жоғары, оның iшiнде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндiрiстердi құру, өнiмдердiң жаңа түрлерiн шығаруды игеру, инвестицияларды тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын жетiлдiру, басқарудың және шаруашылық жүргiзудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзу, өңірдің туристік әлеуетін жоғарылату және келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, қанағаттандыра алатын тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ әлеуметтiк проблемаларды шешу мақсатында құрылады.»;
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметі;
2-2) туристерді, санаторий және сауықтыру объектілерін орналастыру орындары: объектілердің ойын бизнесімен байланысты болмауы шарты сақталған кезде;»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2), 2-1) және 2-2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының туралы ережеге қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
«Ақтау теңіз порты» арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Р/с №
Аймақ атауы
Алаңы, га
1.
Порт аймағы
189,5
2.
Индустриялық аймақ
1940,5
Жиыны:
2130
2 «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 қазандағы
№ 624 қаулысымен
бекітілген
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары
Р/с №
Мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері (атауы)
Өлшем бірлігі
Базалық кезең (2003 – 2011)
2012 жылға қарай қол жеткізу
2017 жылға қарай қол жеткізу
2022 жылға қарай қол жеткізу
2027 жылға қарай қол жеткізу
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
нысаналы индикатор
1
2
3
4
5
6
7
8
1.
Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:
млрд. теңге
21,30
21,25
30
100
105
1.1.
Шетелдік инвестициялардың көлемі
млрд. теңге
8,1
7,9
10
78
83
1
2
3
4
5
6
7
8
1.2
Отандық инвестициялардың көлемі
млрд. теңге
13,2
13,35
20
22
22
2.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында тауарларды (жұмыстарды) өндіру және қызметтерді көрсету көлемі
млрд. теңге
193,16
192,5
270,34
337,2
380,2
3.
Қатысушылар саны
компаниялар
18
30
40
47
56
4.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны
адам
669
660
1500
2300
3885
5.
Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесінің орташа мәні
%
50,4
50
50
50
50