О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2017 года № 624 «О некоторых вопросах специальных экономических зон»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 октября 2017 года № 624 «О некоторых вопросах специальных экономических зон»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 10.02.2023
- Көрсетілген редакция
- 10.02.2023 178625_619075.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.02.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2300000107
- ЭКБ идентификаторы
- 178625
- Редакция идентификаторы
- 178625_619075
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 20:25
0 «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Маңғыстау облысының аумағында Маңғыстау облысы Ақтау қаласының, Мұнайлы, Қарақия және Түпқараған аудандарының әкімшілік-аумақтық шекаралары шегінде орналасқан.
АЭА порттық арнайы экономикалық аймақ болып табылады.
АЭА аумағы 2322,1719 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ аумағының жоспары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
«Ақтау теңіз порты»
арнайы экономикалық
аймағы туралы ережеге
қосымша
«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ аумағының жоспары
Р/с №
Аймақтардың атауы
Ауданы, гектар
1.
Порт аймағы
371,6719
2.
Индустриялық аймақ
1950,5
Жиыны:
2322,1719
___________________