О внесении изменения в решение Аягозского районного маслихата от 6 сентября 2018 года 27/190-VI «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Аягозского районного маслихата от 6 сентября 2018 года 27/190-VI «Об оказании социальной поддержки специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Аягозского района»
- Атауы (қаз.)
- «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 27/190-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 43/325-VI
- Қабылданған күні
- 24.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.07.2020 139343_474531.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VF006717
- ЭКБ идентификаторы
- 139343
- Редакция идентификаторы
- 139343_474531
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:14
0 «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 27/190-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 5 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 27/190-VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-6-180 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылдың 9 қазанында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Аягөз ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 11,733 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 31104 (отыз бір мың жүз төрт) теңге сомасында көрсетіледі.».