Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 6 марта 2018 года № 06-433 «Об утверждении положений исполнительных органов акимата города Астаны»

Қаулы · № 510-1997 · қабылданған 10.12.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2018-no-06-433/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 6 марта 2018 года № 06-433 «Об утверждении положений исполнительных органов акимата города Астаны» Күшін жойған Қаулы ·№ 510-1997 ·10.12.2018
09.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 6 марта 2018 года № 06-433 «Об утверждении положений исполнительных органов акимата города Астаны»

Күшін жойған Қаулы ·№ 510-1997 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 6 марта 2018 года № 06-433 «Об утверждении положений исполнительных органов акимата города Астаны»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласы әкімдігі атқарушы органдарының ережелерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
510-1997
Қабылданған күні
10.12.2018
Көрсетілген редакция
09.04.2019 127076_596955.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G18ABW5101A
ЭКБ идентификаторы
127076
Редакция идентификаторы
127076_596955
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:10

0 «Астана қаласы әкімдігі атқарушы

органдарының ережелерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672, «Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі қағиданы бекіту туралы» 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 1125 және «Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу және бекіту жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1672 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2018 жылғы 2 наурыздағы № 93 қаулыларына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Астана қаласы әкімдігі атқарушы органдарының ережелерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыға 13-қосымшадағы барлық мәтін бойынша «Басқарма» деген сөз «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
16-тармақтың 27) тармақшасы алынып тасталсын.

2

2. «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының көшірмесін баспа және электрондық түрде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары С.М. Хорошунға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы