О внесении изменений в решение Иртышского районного маслихата от 6 апреля 2018 года № 124-24-6 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Иртышского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Иртышского районного маслихата от 6 апреля 2018 года № 124-24-6 «Об утверждении методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Иртышского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі «Ертіс аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 124-24-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 70-17-7
- Қабылданған күні
- 04.05.2022
- Көрсетілген редакция
- 07.12.2023 168066_671014.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.12.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22PG70177M
- ЭКБ идентификаторы
- 168066
- Редакция идентификаторы
- 168066_671014
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:06
0 Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі «Ертіс аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 124-24-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ертіс аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі «Ертіс аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» № 124-24-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5962 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) Ертіс аудандық мәслихат аппараты немесе кадр қызметінің міндеттерін атқару жүктелген тұлға (кадр қызметі бойынша бас маман) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.»;
көрсетілген шешімнің 41-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, бас маман және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.
Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.»;
көрсетілген шешімнің 42-тармағы алынып тасталсын.