О внесении изменений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 6 ноября 2018 года № 1529 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2018 года № 60 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере нотариальной деятельности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в совместный приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 6 ноября 2018 года № 1529 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2018 года № 60 «Об утверждении критериев оценки степени риска и проверочных листов в сфере нотариальной деятельности»
- Атауы (қаз.)
- «Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 386
- Қабылданған күні
- 28.04.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.05.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2026 224739_841221.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600038594
- ЭКБ идентификаторы
- 224739
- Редакция идентификаторы
- 224739_841221
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 03:40
0
«Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 31.08.2026 № 864 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің м.а. 01.09.2026 № 143 (08.09.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымшада:
реттік нөмірі 4-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
4
Бақылау субъектісінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат бермеуі
өрескел
»;
реттік нөмірі 7-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
7
Нотариаттық іс жүргізуді тиісінше жүргізбеу:
құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту;
істер номенклатурасын жасау;
істерді қалыптастыру;
істер тізімдемесін ресімдеу және жасау;
құжаттарды сақтау;
істерді мемлекеттік немесе жекеше нотариаттық архивке беру;
архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
істерді жою;
нотариустың мөрлерін, мөртабандары мен бланкілерін пайдалану және сақтау;
мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу;
өсиеттерді есепке алу;
шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу;
нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінің болуы және жүргізілуі, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық тізілімінде тіркеу
болмашы
»;
реттік нөмірі 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
9
Жеке нотариаттық архивтің, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастырудың болмауы
өрескел
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парағына 5-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
3
Бақылау субъектісінің қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат бермеуі
»;
реттік нөмірі 5-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
5
Нотариаттық іс жүргізуді тиісінше жүргізбеу:
құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту; істер номенклатурасын жасау; істерді қалыптастыру;
істер тізімдемесін ресімдеу және жасау; құжаттарды сақтау;
істерді мемлекеттік немесе жекеше нотариаттық архивке беру;
архивтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; істерді жою;
нотариустың мөрлерін, мөртабандары мен бланкілерін пайдалану және сақтау;
мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу;
өсиеттерді есепке алу;
шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу;
нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінің болуы және жүргізілуі, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді Бірыңғай нотариаттық цифрлық жүйенің электрондық тізілімінде тіркеу
»;
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін тексеру парағына 6-қосымшада:
реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
1
Жеке нотариаттық архивтің, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастырудың болмауы
».
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оны «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет және Ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының бесінші, алтыншы, он екінші және он үшінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті