Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе»

Өзге акт · № 270 · қабылданған 15.11.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2018-no-159-ekb-136063/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 270 ·15.11.2019
24.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 270 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе»
Атауы (қаз.)
Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
270
Қабылданған күні
15.11.2019
Көрсетілген редакция
24.12.2020 136063_503390.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CD006459
ЭКБ идентификаторы
136063
Редакция идентификаторы
136063_503390
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:51

0 Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-175 тіркелген, 2018 жылғы 28 маусымда «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге қосымшасында:
1 тармақтың 1) тармақшасында:
«тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)» сөздері «кондоминиум объектісінің
ортақ мүлкін» сөздерімен ауыстырылсын;
3) тармақшасында:
үшінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 7 (жеті) пайызы мөлшерінде айқындалады.».
3 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.».

2 2. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы