Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе»

Өзге акт · № 359 · қабылданған 25.08.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2018-no-159/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе» Күшін жойған Өзге акт ·№ 359 ·25.08.2020
24.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 359 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Байганинского районного маслихата от 6 июня 2018 года № 159 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Байганинском районе»
Атауы (қаз.)
Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
359
Қабылданған күні
25.08.2020
Көрсетілген редакция
24.12.2020 146092_503392.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CD007395
ЭКБ идентификаторы
146092
Редакция идентификаторы
146092_503392
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:06

0 Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 6 маусымдағы № 159 «Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-4-175 тіркелген, 2018 жылғы 28 маусымда «Жем-Сағыз» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған, Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. «Байғанин аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Байғанин аудандық мәслихатының

2020 жылғы 25 тамызы № 359
шешіміне қосымша
Байғанин аудандық мәслихатының
2018 жылғы 6 маусымдағы № 159
шешімімен бекітілген
Байғанин ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі

1 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

1

1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

1 1) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

2 2) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

3 3) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 7 (жеті) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

2 2. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Байғанин аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі-уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

3

3. Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

3-1

3-1. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб–порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

3-2 3-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

4 4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

5 5. Тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.

6 6. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

7

7. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

8

8. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен қабылданады. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде «жеке кабинетке» жіберіледі.

2 2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

9 9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі нормаларға сәйкес жүргізіледі:

1 1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы бір адамға он сегіз шаршы метр пайдалы алаңды құрайды. Жалғыз тұратын азаматтар үшін бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес мөлшерде;

2 2) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:

1 адамға – 40 киловатт;
2 адамға – 60 киловатт;
3 адамға – 80 киловатт;
4 және одан да көп адамға – 100 киловатт;

3 3) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:

1 адамға – 18 шаршы метр пайдалы алаң, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме;

4 4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға:

1 адамға – 18 шаршы метр пайдалы алаң, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме;

5 5) жылумен жабдықтау ай сайын:

1 адамға – 18 шаршы метр пайдалы алаң, жалғыз тұратын азаматтар үшін кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме;

6 6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;

7 7) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

8 8) сумен жабдықтау қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

9 9) газ пайдалану нормалары - ай сайын әр адамға тариф бойынша;

Коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

10

10) Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

Қолданыстағы