О внесении изменения в постановление акимата Жалагашского района от 6 сентября 2018 года №196 “Об утверждении коэффициента зонирования, учитывающего месторасположение объекта налогообложения в населенном пункте в Жалагашском районе”
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Жалагашского района от 6 сентября 2018 года №196 “Об утверждении коэффициента зонирования, учитывающего месторасположение объекта налогообложения в населенном пункте в Жалагашском районе”
- Атауы (қаз.)
- “Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі №196 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 17
- Қабылданған күні
- 27.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 30.12.2020 139154_505082.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20LF007225
- ЭКБ идентификаторы
- 139154
- Редакция идентификаторы
- 139154_505082
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:14
0 “Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі №196 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. “Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі №196 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №6426 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
“КЕЛІСІЛДІ”
“Қазақстан Республикасы Қаржы
министірлігі Мемлекеттік кірістер
комитеті Қызылорда облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментiнің
Жалағаш ауданы бойынша мемлекеттiк
кірістер басқармасы” мемлекеттік
мекемесімен
3 Жалағаш ауданының әкімі
2020 жылғы 27 қаңтары
№ 17 қаулысына қосымша
Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№
Кент, ауылдық округтің атауы
Салық салу объектісінің орналасқан жері
Аймаққа бөлу коэффициенті
1
2
3
4
1
Жалағаш кенті
1-аймақ: аймақ кент орталығында орналасқан. Батыс жағынан 2-аймақтың екінші бөлігінің шекарасымен, “Елтай” каналымен және Кенжебай Рахимов көшесімен шектеледі. Солтүстік жағынан Нығмет Мырзалиев көшесімен шектеледі. Солтүстік-шығыс жағынан “Қисық арық” каналымен шектеледі. Оңтүстік-шығыс жағынан темір жолмен және Жалағаш кентінің шекарасымен шектеледі. Шығыс жағынан Өмірзақ Тұңғышбаев көшесімен шектеледі. Оңтүстік жағынан темір жолмен шектеледі.
2,00
2-аймақ: аймақ үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлік: аймақтың бірінші бөлігі Жалағаш кентінің батысында орналасқан. Шығыс жағынан Кенжебай Рахимов көшесімен шектеледі, 1-аймақпен және 3-аймақтың бірінші бөлігімен шекараласады. Батыс жағынан Жалағаш кентінің шекарасымен шектелген.
Екінші бөлік: солтүстік-батыс жағынан 1-аймақпен шекараласады. Шығыс жағынан “Қисық арық” каналымен шектеледі және 4-аймақтың үшінші бөлігімен шекараласады. Шығыс жағынан Жалағаш кентінің шекарасымен шектеледі. Оңтүстік жағынан темір жолмен шектеледі және 1- аймақпен шекараласады.
Үшінші бөлік: аймақтың үшінші бөлігі батыс жағынан Жалағаш кентіне кіреберіс жолмен шектеледі және 4-аймақтың бірінші бөлігімен шекараласады. Солтүстік жағынан темір жолмен шектеледі және 1-аймақпен шекараласады. Шығыс жағынан Ұлы Жеңістің 50-жылдығы көшесімен Ақсу ауылына қарай Өмірзақ Тұңғышбаев көшесімен шектеледі. Оңтүстік жағынан Ұлы Жеңістің 50-жылдығы көшесімен шектеледі, 3-аймақтың екінші бөлігімен және 4-аймақтың төртінші бөлігімен шекараласады
1,65
3-аймақ: аймақ екі бөліктен тұрады.
Бірінші бөлік: аймақтың бірінші бөлігі батыс жағынан Кенжебай Рахимов көшесімен шектеледі және 2-аймақтың бірінші бөлігімен шекараласады. Солтүстік жағынан 4-аймақпен шекараласады. Солтүстік-шығыс жағынан “Қисық арық” каналымен шектеледі және 4-аймақтың үшінші бөлігімен шекараласады. Оңтүстік жағынан Нығмет Мырзалиев көшесімен шектеледі және 1- аймақпен шекараласады.
Екінші бөлік: аймақтың екінші бөлігі батыс жағынан республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Қызылорда – Жалағаш автомобиль жолымен шектеледі және 4- аймақтың бірінші бөлігімен шекараласады. Солтүстік жағынан Ұлы Жеңістің 50 жылдығы көшесімен шектеледі және 2- аймақтың үшінші бөлігімен шекараласады. Шығыс жағынан 4-аймақтың төртінші бөлігімен шекараласады. Оңтүстік жағынан Жалағаш кентінің шекарасымен шектеледі.
1,65
4-аймақ: аймақ төрт бөліктен тұрады.
Бірінші бөлік: аймақтың бірінші бөлігі Жалағаш кентінің батысында орналасқан. Оңтүстік, батыс, солтүстік жағынан Жалағаш кентінің шекарасымен шектеледі. Шығыс жағынан республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын Қызылорда – Жалағаш автомобиль жолымен, Жалағаш кентіне кіре беріс жолмен шектеледі және 2- аймақтың бірінші бөлігімен, 3-аймақтың екінші бөлігімен шекараласады.
Екінші бөлік: аймақтың екінші бөлігі Жалағаш кентінің солтүстік-батыс жағында орналасқан. Батыс және солтүстік жағынан Жалағаш кентінің шекарасымен шектеледі. Оңтүстік жағынан 3-аймақтық бірінші бөлігімен шекараласады.
Үшінші бөлік: аймақтың үшінші бөлігі Жалағаш кентінің солтүстік – шығыс жағында орналасқан. Солтүстік жағынан және шығыс жағынан Жалағаш кентінің шекарасымен шектеледі.Оңтүстік-батыс жағынан 1-аймақпен және 2- аймақтың екінші бөлігімен шекараласады.
Төртінші бөлік: аймақтың төртінші бөлігі Жалағаш кентінің оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Оңтүстік және шығыс жағынан Жалағаш кентінің шекарасымен шектеледі. Батыс және оңтүстік жағынан 2-аймақтың үшінші бөлігімен және 3-аймақтың екінші бөлігімен шекараласады.
1,75
2
Аққұм ауылдық округі
Аққұм ауылы
1,75
3
Аққыр ауылдық округі
Аққыр ауылы
1,75
4
Ақсу ауылдық округі
Ақсу ауылы
1,65
5
Аламесек ауылдық округі
Есет батыр ауылы
1,85
6
Бұқарбай батыр ауылдық округі
Бұқарбай батыр ауылы
1,75
7
Еңбек ауылдық округі
Еңбек ауылы
1,75
8
Жаңадария ауылдық округі
Жаңадария ауылы
1,75
9
Жаңаталап ауылдық округі
Жаңаталап ауылы
1,85
10
Қаракеткен ауылдық округі
Қаракеткен ауылы
1,75
Далдабай елді мекені
1,55
11
Мақпалкөл ауылдық округі
Т. Жүргенов ауылы
1,85
12
Мәдениет ауылдық округі
Мәдениет ауылы
1,85
13
Мырзабай ахун ауылдық округі
Мырзабай ахун ауылы
1,75
14
Таң ауылдық округі
Таң ауылы
1,65
Жаңақоңыс елді мекені
1,30
15
М. Шәменов ауылдық округі
М. Шәменов ауылы
1,75