Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 6 марта 2019 года № 363/45-VI «О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане»

Ереже · № 532/72-VI · қабылданған 22.09.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2019-no-36345-vi/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 6 марта 2019 года № 363/45-VI «О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане» Күшін жойған Ереже ·№ 532/72-VI ·22.09.2020
24.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 6 марта 2019 года № 363/45-VI «О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане»

Күшін жойған Ереже ·№ 532/72-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение маслихата города Астаны от 6 марта 2019 года № 363/45-VI «О Правилах предоставления жилищной помощи в городе Астане»
Атауы (қаз.)
«Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 363/45-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
532/72-VI
Қабылданған күні
22.09.2020
Көрсетілген редакция
24.11.2021 147140_550926.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20A0001292
ЭКБ идентификаторы
147140
Редакция идентификаторы
147140_550926
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:42

0 «Астана қаласында тұрғын үй

көмегін көрсету қағидалары туралы»
Астана қаласы мәслихатының
2019 жылғы 6 наурыздағы № 363/45-VI
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 678 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасына, «Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2019 жылғы 6 мамырдағы № 363/45-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1222 тіркелген, 2019 жылдың 16 сәуірінде Қазақстан Республикасының НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының атауындағы және бүкіл мәтін бойынша «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларында (бұдан әрі – Қағида):
атауындағы және бүкіл мәтін бойынша:
«Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
«тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты)» деген сөздер «кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;»;
8-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) бекітілген Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылады.».

2 2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы