Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 6 февраля 2019 года № 38 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Мугалжарскому району на 2019 год»

Қаулы · № 192 · қабылданған 31.05.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2019-no-38-2019/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 6 февраля 2019 года № 38 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Мугалжарскому району на 2019 год» Қолданыста Қаулы ·№ 192 ·31.05.2019
31.05.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.05.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 6 февраля 2019 года № 38 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Мугалжарскому району на 2019 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 192 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Мугалжарского района от 6 февраля 2019 года № 38 «Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Мугалжарскому району на 2019 год»
Атауы (қаз.)
Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 38 «2019 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
192
Қабылданған күні
31.05.2019
Көрсетілген редакция
31.05.2019 132186_409534.kaz
Соңғы өзгеріс
31.05.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19CI006233
ЭКБ идентификаторы
132186
Редакция идентификаторы
132186_409534
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:41

0 Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 38 «2019 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 6 ақпандағы № 38 «2019 жылға арналған Мұғалжар ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-240 тіркелген, 2019 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1 тармақта «қызметкерлердің» сөзі «жұмыскерлердің» сөзімен ауыстырылсын.
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.».

2 2. «Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көрсетілген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) осы қаулыны Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Қобландинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы