О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2019 года № 832 «Об утверждении Правил передачи, реализации, ликвидации посредством уничтожения, утилизации, захоронения и переработки неиспользуемого имущества, а также предоставления в имущественный наем (аренду) неиспользуемых оборонных объектов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 ноября 2019 года № 832 «Об утверждении Правил передачи, реализации, ликвидации посредством уничтожения, утилизации, захоронения и переработки неиспользуемого имущества, а также предоставления в имущественный наем (аренду) неиспользуемых оборонных объектов»
- Атауы (қаз.)
- «Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 749
- Қабылданған күні
- 18.10.2021
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2021 159599_541739.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2100000749
- ЭКБ идентификаторы
- 159599
- Редакция идентификаторы
- 159599_541739
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 06:20
0 «Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға)
беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өндеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 қарашадағы № 832 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті орган пайдаланылмайтын мүлік тізбесінің жобасынан пайдаланылмайтын мүлікке қажеттілікке арналған өтінімдерді алғаннан кейін пайдаланылмайтын мүлікті бөлу жөніндегі комиссияның отырысында өтінімдерді қарауды ұйымдастырады, оның қорытындысы бойынша:
Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына берілетін;
ҚӨК ұйымдарына, мемлекеттік білім беру ұйымдарына, музейлерге, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымына (бұдан әрі – Қорғанысминінің мамандандырылған ұйымы) және жергілікті атқарушы органдарға берілетін;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын инфрақұрылымдық объектілермен және/немесе мүліктік кешендермен қамтамасыз етуге байланысты, сондай-ақ өндіру, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату үшін қызметтер көрсеткені үшін ҚӨК ұйымдарына ақы төлеу есебіне берілетін;
өткізуге, жоюға және қайта өндеуге жататын пайдаланылмайтын мүліктің тізбелері қалыптастырылады.
Өткізуге жататын пайдаланылмайтын мүлік тізбесі жеке-жеке жабық сауда-саттықта өткізілетін қару-жарақ пен әскери техникаға жататын пайдаланылмайтын мүлік тізбесіне және веб-портал арқылы өткізілуге жататын пайдаланылмайтын өзге мүлік тізбесіне бөлінеді.
Белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған қосымша өтінімдерді қарау пайдаланылмайтын мүлікті бөлу жөніндегі комиссия жұмысының регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Пайдаланылмайтын мүлікті ҚӨК ұйымдарына Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын инфрақұрылымдық объектілермен және/немесе мүліктік кешендермен қамтамасыз етуге байланысты қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу есебіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мүдделерінде өндіру, жөндеу, жаңғырту және кәдеге жарату үшін беруге жол беріледі.»;
150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«150. Оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті кәдеге жарату, құртып жіберу, көму немесе қайта өңдеу арқылы жоюды осы Қағидалардың 150-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде уәкілетті ұйым жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 150-1-тармақпен толықтырылсын:
«150-1. Осы Қағидалардың 11-1-тармағының шеңберінде ҚӨК ұйымдары берген пайдаланылмайтын мүлікті тиісті рұқсат беру және хабарлама жасау құжаттары болған кезде уәкілетті органның шешімі негізінде кәдеге жарату немесе қайта өңдеу арқылы жоюға жол беріледі.»;
165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«165. Оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті қайта өңдеуді уәкілетті ұйым дербес немесе алынған қайталама шикізатты өткізу шартымен осы мүлікті қайта өңдеу бойынша тиісті технологиялары бар ұйымдар жүзеге асырады. Оқ-дәрілерді кәдеге жаратуды немесе қайта өңдеуді тиісті рұқсат беру құжаттары бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 11-1-тармағының шеңберінде берілген пайдаланылмайтын мүлікті қайта өңдеу немесе кәдеге жарату процесінде алынатын қайталама шикізатты өткізуден түсетін қаражатты қоспағанда, қайталама шикізатты өткізуден түсетін қаражат республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.».