О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 6 сентября 2019 года № А-9/427 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Акмолинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 6 сентября 2019 года № А-9/427 «Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Акмолинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-11/556
- Қабылданған күні
- 24.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 17.10.2024 174130_724550.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.10.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22B0030690
- ЭКБ идентификаторы
- 174130
- Редакция идентификаторы
- 174130_724550
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:46
0 «Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7376 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларында:
34-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
3 «3) көрсетілген талаптардың біреуіне сәйкестігі:
Ақмола облысының аумағында азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу және өзге де операцияларды орындауға арналған сауда-логистикалық инфрақұрылымның және/немесе қойма құрылыстарының немесе арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардың болуы;
Комиссия айқындайтын тізбеге сәйкес Ақмола облысының аумағындағы көтерме немесе бөлшек сауда кәсіпорнында (бөлшек сауда объектілері желісінде) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатуды жүзеге асыру;
Комиссия айқындайтын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруді жүзеге асыру.
Кәсіпкерлік субъектісі осы тармақта белгіленген талаптарға сәйкес растайтын құжаттарды ұсынады.».