Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации»

Бұйрық · № 2 · қабылданған 20.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2020-no-24-ekb-207077/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации» Қолданыста Бұйрық ·№ 2 ·20.01.2025
20.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 2 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации»
Атауы (қаз.)
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2
Қабылданған күні
20.01.2025
Көрсетілген редакция
20.01.2025 207077_745783.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035721
ЭКБ идентификаторы
207077
Редакция идентификаторы
207077_745783
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:20

0 «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:
9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты әзірлейді және «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 1 бұйрығына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны ұялы және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірі бойынша шақыру арқылы қосымша хабарланады.»;
3-қосымшада:
реттік нөмірі 6 - жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
6
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет «Мем­ле­кет­тік ста­ти­сти­ка са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік мо­но­по­лия субъ­ек­ті­сі өн­ді­ре­тін және (неме­се) өт­кі­зе­тін та­у­ар­лар­дың (жұ­мыстар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің) ба­ға­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Стра­те­ги­я­лық жос­пар­лау және ре­фор­ма­лар агент­ті­гі Ұлт­тық ста­ти­сти­ка бю­ро­сы бас­шы­сы­ның 2024 жы­л­ғы 29 та­мы­зда­ғы № 1 бұй­ры­ғы­на сәй­кес ба­ға­лар бой­ын­ша ақы­лы түр­де көр­се­ті­ле­ді. Тө­лем тә­сі­лі – қол­ма-қол ақ­ша­сыз есеп ай­ы­ры­су. Тө­лем екін­ші дең­гей­лі банк ар­қы­лы тө­лем­ге бе­рі­л­ген шот­қа сәй­кес жүр­гі­зі­ле­ді, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан тө­лем тап­сыр­ма­сын­да тө­лем шо­ты­ның үзін­ді кө­шір­ме­сі­нің нө­мі­рін және кү­нін көр­се­ту та­лап еті­ле­ді.
».

2 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы