Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации»

Бұйрық · № 8 · қабылданған 10.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2020-no-24-ekb-209184/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации» Қолданыста Бұйрық ·№ 8 ·10.04.2025
10.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации»

Қолданыста Бұйрық ·№ 8 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации»
Атауы (қаз.)
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
10.04.2025
Көрсетілген редакция
10.04.2025 209184_754074.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035982
ЭКБ идентификаторы
209184
Редакция идентификаторы
209184_754074
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:07

0 «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:
9-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты әзірлейді және «Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 1 бұйрығына сәйкес адам/ сағат құнына сай мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны ұялы және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірі бойынша шақыру арқылы қосымша хабарланады.»;
3-қосымшада:
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1 және 2-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ны­сан­дар бой­ын­ша өті­ніш;
2) осы Қа­ғи­да­лар­дың 9-тар­ма­ғы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші қой­ған тө­лем шо­ты­ның негі­зін­де тө­лем­ді рас­тай­тын құ­жат (тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек неме­се банк­тің тө­лем жүр­гі­зі­л­ге­ні ту­ра­лы бел­гі­сі бар тө­лем тап­сыр­ма­сы).
»;
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
10
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ру­мен қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры, сон­дай-ақ бай­ла­ныс де­ректе­рі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің www.​sta​tdat​a.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
Ме­кен­жай­лар­ды және бай­ла­ныс де­ректер­ді 1446 або­нент­тік нө­мі­рі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на ха­бар­ла­су ар­қы­лы да бі­лу­ге бо­ла­ды.
Осы Қа­ғи­да­лар­дың 9-тар­ма­ғы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші қой­ған тө­лем шо­ты­ның негі­зін­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке ақы тө­лен­ге­нін рас­тай­тын құ­жат (тө­лем ту­ра­лы тү­бір­тек неме­се банк­тің тө­лем жүр­гі­зі­л­ге­ні ту­ра­лы бел­гі­сі бар тө­лем тап­сыр­ма­сы) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің info@​sta​tdat​a.​kz элек­трон­дық ме­кен­жай­ы­на жі­бе­рі­ле­ді.
Ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­ты та­ра­ту кесте­сіне сәй­кес та­ра­ты­лу­ға жа­та­тын ре­сми ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­тың бар­лық жа­ри­я­ла­ным­да­ры ста­ти­сти­ка­лық жұ­мыстар жос­па­рын­да көз­дел­ген кө­лем­де www.​stat.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­ста «Ста­ти­сти­ка» бө­лі­мін­де қол­же­тім­ді.
»;
Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3

3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Өтінішті қабылдау туралы хабарлама 20 ____ жылғы « ___» _________

Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің Ұлттық
статистика бюросының басшысы
2025 жылғы 10 сәуірдегі
№ 8 бұйрығына
қосымша
«Ресми статистикалық
ақпаратты тарату кестесінде
көзделмеген статистикалық
ақпаратты беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызметті
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан
(Көрсетілетін қызметті
алушының тегі, аты, әкесінің
аты (болған жағдайда)
не ұйымының атауы)
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекенжайы)
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама
20 ____ жылғы « ___» _________
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің статистикалық ақпаратты беру туралы 20___ жылғы «___» ______№ _______ өтінішіңізді қарауға қабылдады.
Кеңсе қызметкері/ құжат айналымы жүйесі ____________________.

Қолданыстағы