Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации»

Бұйрық · № 26 · қабылданған 24.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2020-no-24-ekb-229341/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации» Қолданыста 24.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации»

Қолданыста Бұйрық № 26 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 апреля 2020 года № 24 «Об утверждении Правил оказания государственной услуги «Предоставление статистической информации, не предусмотренной графиком распространения официальной статистической информации»
Атауы (қаз.)
«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
26
Қабылданған күні
24.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.09.2026
Көрсетілген редакция
24.08.2026 229341_840827.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039697
ЭКБ идентификаторы
229341
Редакция идентификаторы
229341_840827
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:08
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес дәлелді бас тартуды жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен Заңның 19-1-бабы 1-2-тармағына сәйкес тыңдау өткізілмейді.».

2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі