О внесении изменения в решение районного маслихата от 6 января 2020 года № 367 «Об утверждении бюджета Сулукольского сельского округа на 2020 - 2022 годы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение районного маслихата от 6 января 2020 года № 367 «Об утверждении бюджета Сулукольского сельского округа на 2020 - 2022 годы»
- Атауы (қаз.)
- Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 367 «2020 - 2022 жылдарға арналған Сұлукөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 467
- Қабылданған күні
- 14.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2020 146825_482455.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20CB007478
- ЭКБ идентификаторы
- 146825
- Редакция идентификаторы
- 146825_482455
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:50
0 Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 367
«2020 - 2022 жылдарға арналған Сұлукөл ауылдық округ бюджетін
бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 367 «2020-2022 жылдарға арналған Сұлукөл ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6770 тіркелген, 2020 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
қазақ тіліндегі 3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«3. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшерi – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 31 183 теңге;
2020 жылғы 1 сәуірден бастап:
1) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 778 теңге;
2) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге болып белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.»,
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.