Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Мугалжарского районного маслихата от 6 января 2020 года № 393 «Об утверждении бюджета Ащесайского сельского округа на 2020-2022 годы»

Өзге акт · № 483 · қабылданған 25.08.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2020-no-393-2020-2022-ekb-146073/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Мугалжарского районного маслихата от 6 января 2020 года № 393 «Об утверждении бюджета Ащесайского сельского округа на 2020-2022 годы» Қолданыста Өзге акт ·№ 483 ·25.08.2020
25.08.2020 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Мугалжарского районного маслихата от 6 января 2020 года № 393 «Об утверждении бюджета Ащесайского сельского округа на 2020-2022 годы»

Қолданыста Өзге акт ·№ 483 · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Мугалжарского районного маслихата от 6 января 2020 года № 393 «Об утверждении бюджета Ащесайского сельского округа на 2020-2022 годы»
Атауы (қаз.)
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 393 «2020-2022 жылдарға арналған Ащысай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
483
Қабылданған күні
25.08.2020
Көрсетілген редакция
25.08.2020 146073_479039.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V20CI007390
ЭКБ идентификаторы
146073
Редакция идентификаторы
146073_479039
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:05

0 Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 393 «2020-2022 жылдарға арналған Ащысай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 393 «2020-2022 жылдарға арналған Ащысай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6757 тіркелген, 2020 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 42 500 теңге;
2) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 2 651 теңге;
3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 31 183 теңге;
2020жылғы 1 сәуірден бастап:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 17 641 теңге;
2) зейнетақының ең төмен мөлшері – 40 441 теңге;
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш – 2 778 теңге;
4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 32 668 теңге белгіленгені ескерілсін және басшылыққа алынсын.».

2 2. «Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы