О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Карабулакского сельского округа Зайсанского района от 6 августа 2020 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятии на участке «Саркырама» Карабулакского сельского округа»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятии и признании утратившим силу решения акима Карабулакского сельского округа Зайсанского района от 6 августа 2020 года № 5 «Об установлении ограничительных мероприятии на участке «Саркырама» Карабулакского сельского округа»
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты «Cарқырама» учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 6
- Қабылданған күні
- 09.10.2020
- Көрсетілген редакция
- 09.10.2020 147580_487206.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20VKA07653
- ЭКБ идентификаторы
- 147580
- Редакция идентификаторы
- 147580_487206
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:22
0 Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Қарабұлақ
ауылдық округіне қарасты «Cарқырама» учаскесіне
шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Зайсан
ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің
2020 жылғы 6 тамыздағы № 5 шешімінің
күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 01 қазандағы № 674 ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мүйізді ірі-қара малдарының бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты «Сарқырама» учаскесіне белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 5 «Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты «Сарқырама» учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2020 жылдың 11 тамызда № 7440 болып тіркелген, 2020 жылдың 15 тамызында «Достық» газетінде жарияланған және 2020 жылдың 13 тамызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.