Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 6 октября 2020 года № 508-2075 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Нур-Султана»

Қаулы · № 508-3859 · қабылданған 27.12.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2020-no-508-2075-ekb-176649/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 6 октября 2020 года № 508-2075 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Нур-Султана» Қолданыста Қаулы ·№ 508-3859 ·27.12.2022
27.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 6 октября 2020 года № 508-2075 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Нур-Султана»

Қолданыста Қаулы ·№ 508-3859 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата города Нур-Султан от 6 октября 2020 года № 508-2075 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Нур-Султана»
Атауы (қаз.)
«Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
508-3859
Қабылданған күні
27.12.2022
Көрсетілген редакция
27.12.2022 176649_618914.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22ABW31529
ЭКБ идентификаторы
176649
Редакция идентификаторы
176649_618914
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 21:29

0 «Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1295 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасындағы жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 6 қазандағы
№ 508-2075 қаулысына
қосымша».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі

0 Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі

Астана қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 508-3859 қаулыға
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 6 қазандағы
№ 508-2075 қаулысына
қосымша
Астана қаласының жергілікті маңызы бар
тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Р/с №
Ескерткіштің атауы
Ескерткіштің түрі
Ескерткіштің орналасқан жері
1
2
3
4
1.
Көпес И.С. Силиннің үйі, ХІХ-ХХ ғасырдың басы
Қала құрылысы және сәулет
Кенесары көшесі, № 35
2.
Ерекше міндет бөлімі отрядтары құрылған үй,
1914 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Ж. Омаров көшесі, № 57
3.
Теміржолшылар сарайы,
1954 жыл
Қала құрылысы және сәулет
І. Есенберлин көшесі, № 10
4.
1954 жылы алғашқы тың игерушілер эшелоны келген вокзал ғимараты және вокзал маңындағы алаң,
1954 жыл
Қала құрылысы және сәулет
310-дивизия атындағы вокзал маңындағы алаң
5.
Сәкен Сейфуллин ескерткіші, 1972 жыл
Монументтік өнер құрылыстары
Жеңіс даңғылы, № 62
6.
Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерге ескерткіші,  1995 жыл
Монументтік өнер құрылыстары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ауданы,
Жеңіс даңғылы
7.
Константин және Елена шіркеуі, 1854-1900 жылдар
Қала құрылысы және сәулет
Республика даңғылы,  № 12
8.
Қалалық басқарма ғимараты,  ХІХ ғасырдың соңы
Қала құрылысы және сәулет
Желтоқсан көшесі, № 11
9.
Гимназия, ХІХ ғасырдың соңы
Қала құрылысы және сәулет
Желтоқсан көшесі, № 13
10.
Көпес Д.В. Егоровтың үйі  ХІХ-ХХ ғасырдың басы
Қала құрылысы және сәулет
М. Әуезов көшесі, № 5а
11.
Көпес үйі,
1846 жыл
Қала құрылысы және сәулет
М. Әуезов көшесі, № 20
12.
Дәрігер Ф.И. Благовещенскийдің үйі, ХХ ғасырдың басы
Қала құрылысы және сәулет
М. Әуезов көшесі, № 20а
13.
Жасыл мешіттің дуалы, 1895 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Абай даңғылы, № 83
14.
Көпес С.А. Кубриннің ауруханасы,  1880 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Ә. Жангелдин көшесі, № 40
15.
Көпес В.М. Кубриннің  үйі және жапсаржайы, 1910 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Кенесары көшесі, № 41
16.
Көпес М.К. Кубриннің сауда үйі,
1905 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Кенесары көшесі, № 37
17.
П.Г. Моисеевтің үйі,  1914 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Ә. Мәмбетов көшесі, № 40
18.
«Октябрь» кинотеатрының  ғимараты,
ХХ ғасырдың басы
Қала құрылысы және сәулет
Абай даңғылы, № 29
19.
Пионерлер үйі,  ХХ ғасырдың 1960 жылдары
Қала құрылысы және сәулет
Бейбітшілік көшесі, № 6
20.
«Есіл» қонақ үйінің ғимараты, 1958-1960 жылдар
Қала құрылысы және сәулет
Бейбітшілік көшесі, № 8
21.
Астана қаласы  әкімдігінің бұрынғы ғимараты,
1958 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Ж. Омаров көшесі, № 60
22.
Мемлекеттік Қауіпсіздік
комитетінің ғимараты,
1950 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Т. Бигелдинов көшесі,  № 74/1
23.
Мұсылман жастарына арналған  Б. Қосшығұловтың мектебі,  ХІХ-ХХ ғасырдың басы
Қала құрылысы және сәулет
Абай даңғылы, № 24
24.
«Астана-Бәйтерек»
монументалдық құрылысы,
2002 жыл
Монументтік өнер құрылыстары
Нұржол бульвары,
№ 14
25.
Кенесары хан ескерткіші, 2001 жыл
Монументтік өнер құрылыстары
Есіл өзенінің жағалауы
26.
А.С. Пушкин ескерткіші, 1999 жыл
Монументтік өнер құрылыстары
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ауданы
27.
С. Сейфуллин ескерткіші,  1994 жыл
Монументтік өнер құрылыстары
С. Сейфуллин және  М. Әуезов  көшелерінің қиылысы
28.
«Астана» мүсіні,
2002 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Ж. Тәшенов көшесіндегі шағынгүлбақ
29.
Метеостанция ғимараты, 1914-1916 жылдар
Қала құрылысы және сәулет
Жамбыл көшесі, № 11
30.
«Космос» және «Баспа»
мозаикалық паннолар,
1972 жыл
Қала құрылысы және сәулет
Бейбітшілік көшесі, № 25
31.
Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені,
2007 жыл
Ансамбльдер мен кешендер
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,  Ақмол ауылы
32.
«Қараөткел» мұсылман зираты, 1609-1962 жылдар
Киелі объектілер
«Жастар»
шағын ауданы
33.
Бозоқ ІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар
Археология
Бұзықты көлінің шығыс жағалауы
34.
Қозыкөш І қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар
Археология
Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде
35.
Қозыкөш ІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар
Археология
Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде
36.
Қозыкөш ІІІ қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар
Археология
Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде
37.
Қозыкөш ІV қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар
Археология
Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде
38.
Қозыкөш V қыстауы, XVIII-XIX ғасырлар
Археология
Ильинка тұрғын алабынан батысқа қарай 4 шақырым жерде
39.
Бұрынғы мұсылман мектебінің екінші ғимараты,
ХІХ ғасырдың басы
Қала құрылысы
және сәулет
Отырар көшесі, № 1/2
40.
«Әзірет Сұлтан» мешіті,
2012 жыл
Киелі объектілер
Тәуелсіздік даңғылы,
№ 48
41.
«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті,
2005 жыл
Киелі объектілер
Қабанбай батыр даңғылы, № 36
42.
Бейбітшілік және Келісім
сарайы,
2006 жыл
Қала құрылысы
және сәулет
Тәуелсіздік даңғылы,
№ 57
43.
Қазақстан Республикасының
Бас мешіті,
2022 жыл
Қала құрылысы
және сәулет
Мәңгілік Ел даңғылы,
№ 65

Қолданыстағы