О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 6 мая 2021 года № 237 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Жанаозен»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата города Жанаозен от 6 мая 2021 года № 237 «Об определении и утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Жанаозен»
- Атауы (қаз.)
- Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 «Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 77
- Қабылданған күні
- 14.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2024 193368_684365.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24MB467112
- ЭКБ идентификаторы
- 193368
- Редакция идентификаторы
- 193368_684365
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:12
0 Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 «Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Жаңаөзен қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 237 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4529 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 - тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген), Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:
қазақ тіліндегі реттік нөмірі 24-жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«
24
Жаңаөзен қаласы, «Астана» шағын ауданы, Қашаған көшесі, №24 үйдің алдында
24
жоқ
бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату)
5
»;
қазақ тіліндегі реттік нөмірі 33-жол жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«
33
Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, Достық даңғылы, №15/2 құрылысының оң жағында
48
«Мерей» мини-маркеті
бөлшек сауда (азық-түлік/азық-түлік емес тауарларын сату)
5
».