О внесении изменения в решение Иртышского районного маслихата от 6 января 2021 года № 273-63-6 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запре
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Иртышского районного маслихата от 6 января 2021 года № 273-63-6 «Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запре
- Атауы (қаз.)
- Ертіс аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы «Ертіс ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 2
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 20-4-7
- Қабылданған күні
- 23.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 23.04.2021 155583_521790.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21PG007269
- ЭКБ идентификаторы
- 155583
- Редакция идентификаторы
- 155583_521790
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:27
0
Ертіс аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы «Ертіс ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы»
№ 273-63-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ертіс аудандық мәслихатының 2021 жылғы 6 қаңтардағы «Ертіс ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» № 273-63-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7175 болып тіркелген, 2021 жылғы 13 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. Ертіс ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:
Ертіс ауылының Б. Рамазанов және Қажымұқан көшелерінің қиылысындағы алаң. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - екі жүз елу адам.».