Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области»

Қаулы · № 141 · қабылданған 14.06.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2022-no-301-ekb-197703/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 141 ·14.06.2024
14.06.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 141 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
141
Қабылданған күні
14.06.2024
Көрсетілген редакция
14.06.2024 197703_705702.kaz
Соңғы өзгеріс
14.06.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24V000141A
ЭКБ идентификаторы
197703
Редакция идентификаторы
197703_705702
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 11:03

0 «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы»

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 164-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33343 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
«Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері» 3-тарауында:
18-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

7 «7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың адамдары мен өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;»;

Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

22 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

22 «22. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыруды дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;

30 30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

30 «30. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;

мынадай мазмұндағы 35-тармақпен толықтырылсын:

35 «35. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық дзюдодан мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;

көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:

1

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

13 «Келісілді»

Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
_______________ Ф. Белбеев
2024 жылғы «14» маусым

14 «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 14 маусымдағы
№ 141 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 301 қаулысына
2-қосымша
«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Басқарма басшысы
Басшының орынбасары
Жоғары спорт жетістіктері және спорт резерві бөлімі
Бұқаралық спорт бөлімі
Әкімшілік-қаржы бөлімі

Қолданыстағы