Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области»

Қаулы · № 258 · қабылданған 24.10.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2022-no-301-ekb-202109/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области» Қолданыста Қаулы ·№ 258 ·24.10.2024
24.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области»

Қолданыста Қаулы ·№ 258 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 декабря 2022 года № 301 «О некоторых вопросах государственного учреждения «Управление физической культуры и спорта Восточно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
258
Қабылданған күні
24.10.2024
Көрсетілген редакция
24.10.2024 202109_725774.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G24V000258A
ЭКБ идентификаторы
202109
Редакция идентификаторы
202109_725774
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:02

0 «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы»

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17, 164-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33343 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
13-тармақтың «құқық» бөлігі мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) мемлекет мүддесін қорғау мақсатында өтеулі (өтеусіз) қызметтер көрсету шарттарының негізінде заң қызметтерін (заң консультанттарын, адвокаттарды) алуға;»;
«Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі» тарауында:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Үлкен Нарын ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
мынадай мазмұндағы 36, 37-тармақтармен толықтырылсын:
«36. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Катонқарағай ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
37. Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Марқакөл ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.»;
көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 «Келісілді»

Шығыс Қазақстан облысы
экономика және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы
_______________ Ф. Белбеев
2024 жылғы «____» _______________

5 «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы «24» қазандағы
№ 258 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 301 қаулысына
2-қосымша
«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы
Басқарма басшысы
Басшының орынбасары
Бұқаралық спорт, жоғары жетістіктер және спорт резерві бөлімі
Әкімшілік-қаржы бөлімі

Қолданыстағы