О внесении изменения в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 6 сентября 2022 года № 366 «Об утверждении Правил возобновления доступа к интернет-ресурсу»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра информации и общественного развития Республики Казахстан от 6 сентября 2022 года № 366 «Об утверждении Правил возобновления доступа к интернет-ресурсу»
- Атауы (қаз.)
- «Интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 366 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 378-НҚ
- Қабылданған күні
- 26.08.2024
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2024 200103_718475.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034985
- ЭКБ идентификаторы
- 200103
- Редакция идентификаторы
- 200103_718475
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 09:57
0 «Интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 366 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 366 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29473 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернет-ресурсқа қол жеткізуді қайта бастау қағидаларында:
2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) масс-медиа саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – масс-медиа саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі