Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 205 · қабылданған 03.04.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2023-no-10-ekb-208795/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 205 ·03.04.2025
03.04.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 205 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
205
Қабылданған күні
03.04.2025
Қолданысқа енгізілген күні
03.04.2025
Көрсетілген редакция
03.04.2025 208795_752664.kaz
Соңғы өзгеріс
03.04.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2500000205
ЭКБ идентификаторы
208795
Редакция идентификаторы
208795_752664
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 05:15

0 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:
45-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасының және Үкіметтің атынан жасалған халықаралық шарттардың олар жасалған тілдердегі Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған көшірмелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың атынан жасалған халықаралық шарттардың олар жасалған тілдердегі архивтерінде осы халықаралық шарттардың түпнұсқалары сақталатын мемлекеттік органдар ресми куәландырған көшірмелері және Үкімет қаулысының жобасында немесе халықаралық шарт жобасында сілтеме жасалған, жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган ресми куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де құжаттар;»;
5) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тіліндегі мәтіні өзгермейді;
6) тармақша алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігін анықтауды қоса алғанда, халықаралық шарттарға қол қоюдың, оларды ратификациялаудың, бекітудің, қабылдаудың және оларға қосылудың орындылығының негіздемесі;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) Сыртқы істер министрлігінің халықаралық шарт жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындысы.».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы