Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан»

Қаулы · № 745 · қабылданған 20.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 26.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2023-no-10-ekb-229169/on/2026-08-26/
Басып шығарылды 2026-08-26 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан» Қолданыста Қаулы ·№ 745 ·20.08.2026
20.08.2026 редакциясы
26.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан»

Қолданыста Қаулы ·№ 745 · 26.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 6 января 2023 года № 10 «О Регламенте Правительства Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
745
Қабылданған күні
20.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
20.08.2026
Көрсетілген редакция
20.08.2026 I229169_0.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2600000745
ЭКБ идентификаторы
229169
Редакция идентификаторы
I229169_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
22.08.2026 03:30

0 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті:
мынадай мазмұндағы 146-2-тармақпен толықтырылсын:
«146-2. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 2-бабының 3-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және бюджет қаражатын өзге де алушылардың (бұдан әрі – бастамашы) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бюджетті жоспарлау процесінен тыс кезде республикалық бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.
Бастамашылар Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне республикалық бюджет қалыптастырылатын жылдың 20 маусымына дейін келесі жоспарлы кезеңге арналған бюджет шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Бастамашылар Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы шешім қабылдаған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ағымдағы жылғы республикалық бюджеттің шығыстарын ұлғайту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 2-бабының 3-тармағына сәйкес бастамашылардың Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінің келісімінсіз Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының міндеттерін орындау тетіктерін немесе құралдарын өзгертуді көздейтін ұсыныстар енгізуіне тыйым салынады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген ұсыныстарды Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне енгізген кезде бастамашы қаржы-экономикалық есеп-қисаптарды, ұсынылатын өзгерістердің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің ережелеріне және Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының өзге де актілеріне сәйкестігін талдауды ұсынуды қамтамасыз етеді.
Осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген құжаттардың болмауы ұсынысты қараусыз қайтару үшін негіз болып табылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген ұсынысқа бастама жасаған орталық мемлекеттік орган Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне осы тармақтың бесінші бөлігінде көзделген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік органның бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген лауазымды адам қол қойған хат жібереді.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген ұсынысқа бастама жасаған жергілікті атқарушы орган тиісті материалдарды қарау үшін астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органына жібереді.
Жергілікті атқарушы органның ұсынысы Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының міндеттерін орындау тетіктерін немесе құралдарын өзгертуге алып келетін жағдайда, астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы тиісті материалдарды Қаржы, Ұлттық экономика министрліктеріне жібереді.
Бюджет қаражатын өзге де алушылар осы тармақта көзделген тәртіппен оларды қарауды және келісуге жіберуді қамтамасыз ететін тиісті орталық мемлекеттік орган не жергілікті атқарушы орган арқылы ұсыныстар енгізеді.
Қаржы, Ұлттық экономика министрліктері не астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы келіп түскен материалдарды қарайды және олар келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұстанымды қалыптастырады.
Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінің не астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органының оң қорытындысы болған кезде ұсыныс Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен іске асырылады.
Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерінің не астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органының теріс қорытындысы болған жағдайда ұсыныс берілген ескертулерді ескере отырып пысықталуы және уәкілетті органдардың қарауына қайта енгізілуі мүмкін.
Қайта қарау келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.»;
160-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) осы Регламенттің 146-2-тармағына сәйкес алынған уәкілетті мемлекеттік органдардың оң қорытындыларынсыз Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының міндеттерін орындау тетіктерін немесе құралдарын өзгертуге алып келетін ұсыныстары бар хаттар;».

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы