О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 июня 2023 года № 128 «Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2023 год»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 6 июня 2023 года № 128 «Об утверждении объемов субсидирования повышения продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) на 2023 год»
- Атауы (қаз.)
- «2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 268
- Қабылданған күні
- 29.11.2023
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2023 189406_668233.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V23V0892316
- ЭКБ идентификаторы
- 189406
- Редакция идентификаторы
- 189406_668233
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 15:18
0 «2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8866-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2023 жылғы 29 қарашадағы
№ 268 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2023 жылғы 6 маусымдағы
№ 128 қаулысына
қосымша
2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№
Субсидиялау түрлері
Азықтың шығу тегі
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын көлем
Субсидия сомасы, мың теңге
1.
Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге субсидиялар
1.1
Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
шетелдік
килограмм
703 700
134 592,1
Барлығы:
134 592,1
2.
Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт, бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін)
2.1
Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) уылдырық
дана
2 700 000
13 383,9
2.2
Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана
1 665 500
24 982,5
Барлығы:
38 366,4
3.
Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстауға субсидиялар
3.1
Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары
дана
658
15 973,2
Барлығы:
15 973,2
Жиынтығы:
188 931,7