О внесении изменений в решение маслихата от 6 ноября 2023 года № 46 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 6 ноября 2023 года № 46 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қарашадағы № 46 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 06.02.2024
- Көрсетілген редакция
- 06.02.2024 193498_684675.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.02.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NR101451
- ЭКБ идентификаторы
- 193498
- Редакция идентификаторы
- 193498_684675
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 13:19
0 Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қарашадағы № 46 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аудан мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 6 қарашадағы № 46 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10082 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 35 жыл толуына – 15 ақпан:
оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.»;
6-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) мүгедектігі бар адамдарға, олардың оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына шығындарын өтеу үшін, тоқсан сайын, санаторийлерге жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, жылына 1 рет, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерінде;»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш берген адамдар өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжатты ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы не заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусы ауруын растайтын құжатты ұсынады;
Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауырғанын және амбулаторлық емделуде екенін растайтын құжатты ұсынады;
Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар тұру фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды ұсынады.
Осы Қағидалардың 6-тармағының 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдар білім алғанын, оның құнын және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын растайтын құжаттарды ұсынады;
Осы Қағидалардың 6-тармағы 7) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар чегін ұсынады;
Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат ұсынады;
Осы Қағидалардың 6-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін табысы туралы мәліметтерді, қайтыс болу, қайтыс болған адамды жұмыссыз ретінде тіркеу фактісін растайтын құжаттар ұсынады;
Осы Қағидалардың 6-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде тұру фактісін растайтын құжаттар ұсынады.
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.
Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады.».