О внесении изменений в решение маслихата от 6 декабря 2023 года № 51 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата от 6 декабря 2023 года № 51 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- Мәслихаттың 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 51 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 85
- Қабылданған күні
- 17.04.2024
- Көрсетілген редакция
- 17.04.2024 196468_698489.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24NS101961
- ЭКБ идентификаторы
- 196468
- Редакция идентификаторы
- 196468_698489
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 11:58
0 Мәслихаттың 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 51 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 6 желтоқсандағы № 51 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10124-10 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
1) тармақша 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылуының 35- жылдығына -15 ақпан:
Кеңес Армиясының, Әскери -теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрыңғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес, Ауғанстан аумағындағы ұрыс - қимылдарына қатысқан әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда, бұрыңғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (бұдан әрі- КСР Одағы) ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына 50 айлық көрсеткіш мөлшерінде;
оқу жаттығу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жiберiлген әскери мiндеттiлерге 50 айлық көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде атқару кезінде, жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6-тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын;».