Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 6 февраля 2024 года № 118/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Экибастуз»

Өзге акт · № 261/32 · қабылданған 25.08.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2024-no-11815-ekb-213672/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 6 февраля 2024 года № 118/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Экибастуз» Қолданыста Өзге акт ·№ 261/32 ·25.08.2025
25.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 6 февраля 2024 года № 118/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Экибастуз»

Қолданыста Өзге акт ·№ 261/32 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата от 6 февраля 2024 года № 118/15 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Экибастуз»
Атауы (қаз.)
Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
261/32
Қабылданған күні
25.08.2025
Көрсетілген редакция
25.08.2025 213672_772274.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V25PC036715
ЭКБ идентификаторы
213672
Редакция идентификаторы
213672_772274
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:38

0 Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7474-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталына мынадай құжаттар тізбесімен жүгінеді:
1) Мемлекеттік корпорацияға:
Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
отбасының табысын растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
жұмыс орнынан анықтама не жұмыссыз тұлға ретінде тіркелгені туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтер;
банктік шот;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталына:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
отбасының табысын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі не жұмыссыз адам ретінде тіркелгені туралы анықтама;
балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
банктік шоттың электрондық көшірмесі;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
жергілікті атқарушы орган ұсынған жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі.».
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«12. Тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алушылардың өтініші бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10 күніне дейін ай сайын тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына есептелген сомаларды аудару жолымен екінші деңгейдегі банктер және банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын лицензиялары бар ұйымдар арқылы жүзеге асырады.».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы шешімді мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы