Құжат мәтініне өту

О проведении 6 октября 2024 года республиканского референдума

Жарлық · № 636 · қабылданған 02.09.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-2024/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О проведении 6 октября 2024 года республиканского референдума Қолданыста Жарлық ·№ 636 ·02.09.2024
02.09.2024 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении 6 октября 2024 года республиканского референдума

Қолданыста Жарлық ·№ 636 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении 6 октября 2024 года республиканского референдума
Атауы (қаз.)
2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
636
Қабылданған күні
02.09.2024
Көрсетілген редакция
02.09.2024 200256_718184.kaz
Соңғы өзгеріс
02.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2400000636
ЭКБ идентификаторы
200256
Редакция идентификаторы
200256_718184
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 09:50

0 Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкiметі

актiлерiнiң жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиiс
2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1 1. 2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізілсін.

2 2. Республикалық референдумға: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сауал шығарылсын.

3 3. Осы Жарлық 2024 жылғы 3 қыркүйекте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

4

4. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.

5 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік органдарымен және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.

6 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы