Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение 6 сессии Абайского районного маслихата от 8 июня 2012 года № 6/59 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Абайскому району"

Ереже · № 14/145 · қабылданған 13.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/6-8-2012-no-659-ekb-71493/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение 6 сессии Абайского районного маслихата от 8 июня 2012 года № 6/59 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Абайскому району" Күшін жойған Ереже ·№ 14/145 ·13.02.2013
12.09.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение 6 сессии Абайского районного маслихата от 8 июня 2012 года № 6/59 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Абайскому району"

Күшін жойған Ереже ·№ 14/145 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение 6 сессии Абайского районного маслихата от 8 июня 2012 года № 6/59 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи по Абайскому району"
Атауы (қаз.)
Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының № 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
14/145
Қабылданған күні
13.02.2013
Көрсетілген редакция
12.09.2024 71493_720487.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KI002222
ЭКБ идентификаторы
71493
Редакция идентификаторы
71493_720487
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:44

0 Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының N 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Абай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 8 маусымдағы 6 сессиясының N 6/59 "Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-137 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 шілдедегі N 26 (3927) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) орыс тіліндегі шешімнің тақырыбындағы "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;

2 2) орыс тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;

3 3) орыс тіліндегі Абай ауданы бойынша тұрғын үй көмегін ұсыну Ережесі тақырыбындағы "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;

4 4) орыс тіліндегі кіріспедегі "предоставления" сөзі "оказания" сөзіне ауыстырылсын;

5 5) 2 тармақтың 4) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;

6 6) 2 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

"5) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.";

7 7) 7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

"7. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

8 8) 8 тармақтың 10) тармақшасындағы "." белгісі ";" белгісіне ауыстырылсын;

9 9) 8 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

"11) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясы бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.";

10 10) Ереженің 13 тармағы алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
"Абай ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Б. Муталяпова
13.02.2013 ж.
"Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
З. Шакентаев
13.02.2013 ж.

Қолданыстағы