Құжат мәтініне өту

Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 60)

Бұйрық · № 509 · қабылданған 24.09.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/60/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 60) Қолданыста Бұйрық ·№ 509 ·24.09.2019
24.09.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.09.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 60)

Қолданыста Бұйрық ·№ 509 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Единого тарифно-квалификационного справочника работ и профессий рабочих (выпуск 60)
Атауы (қаз.)
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (60-шығарылым) бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
509
Қабылданған күні
24.09.2019
Көрсетілген редакция
24.09.2019 134879_421753.kaz
Соңғы өзгеріс
24.09.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019410
ЭКБ идентификаторы
134879
Редакция идентификаторы
134879_421753
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 18:25

0 Жұмыстар мен жұмысшы

кәсіптерінің бірыңғай
тарифтік-біліктілік анықтамалығын
(60-шығарылым) бекіту туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (60-шығарылым) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3

3. «Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (60-шығарылым) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 495-ө-м бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8231 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 қазандағы № 227 (28166) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Е.Ж. Жылқыбаевқа жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (60-шығарылым)

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы
№ бұйрығына
қосымша
Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (60-шығарылым)

1 1-тарау. Кіріспе

1 1. Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (60-шығарылым) (бұдан әрі – БТБА) ойыншық өндірісі жұмыстарын қамтиды.

2 2. БТБА Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген.

3 3. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар осы БТБА-да көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмыстарды тарификациялаған және жұмысшылардың біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.

2 2-тарау. Ойыншық өндірісі жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары

1 Параграф 1. Бөлшектер мен ойыншықтарды кептіруші, 2-разряд

4 4. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі материалдардан жасалған бөлшектер мен ойыншықтарды бу, электр және калорифер кептіру камераларында кептіру;
кептіру камераларын жұмысқа дайындау;
кептірудің температуралық режимдерін орнату және реттеу;
бұйымдарды кептіру шкафтарына орналастыру;
жұмыс режимін қадағалау;
кептіргеннен кейін ойыншық бөлшектерінің сапасын айқындау;
кептіру камераларының жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою;
кептіру камераларына салу және түсіру;
кептіру сапасын кезеңімен тексеру.

5 5. Білуге тиіс:

жасалатын ойыншықтың түрлері, бөлшектерді, ойыншықтарды кептірудің технологиялық процесі, конструкциялар;
кептіру жабдықтарының жұмыс істеу принципі және пайдалану қағидалары;
шикізат және материалдардың техникалық сипаттамалары;
өлшеу аспаптарын пайдалану қағидалары;
кептірілген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар;
өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары.

2 Параграф 2. Бөлшектер мен ойыншықтарды формалаушы, 2-разряд

6 6. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жабдықта целлулоидты массаны формалау;
целлулоидты массаны белгілі мөлшердегі брусоктарға кесу және құрғақ қабатын механикалық пышақпен алып тастау;
гильотинді қайшы, масса кескіш және механикалық пышақтарды жұмысқа дайындау;
масса кескіштердің жұмыс режимін айқындау;
массаны тығыздау процесін қадағалау;
целлулоидты массаның даярлығын салмағына және тығыздығына қарай тексеру;
брикеттеуге арналған масса кескіш целлулоидты брусоктарды бірнеше рет қайталап салу;
түрлі диаметрдегі целлулоидты түтіктер жасау және белгілі мөлшердегі брикеттерге қайшымен кесу;
брикет сапасын тексеру және оларды ыдысқа салу;
кесетін аспапты қайрау және түзету.

7 7. Білуге тиіс:

целлулоидты масса жасау рецептурасы, оның түрлері мен қасиеті;
целлулоидты массаның сапасына қойылатын талаптар;
масса кескіштің жұмыс режимі;
гильотинді қайшы, механикалық пышақ және масса кескіштің құрылымы мен техникалық сипаттамалары;
кесетін аспапты қайрау және түзету ережесі;
жабдықтарда қауіпсіз жұмыс істеу ережесі.

3 Параграф 3. Бөлшектер мен ойыншықтарды формалаушы, 3-разряд

8 8. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі жабдықтарда целлулоидты түтіктен жасалған бөлшектер мен ойыншықтарды формалау;
дайындаманы ыстық суда жұмсарту және оған оны суық суда бекіте отырып белгіленген үлгі бойынша қажетті форманы беру;
целлулоидтың формасы, суреті, мөлшері және сапасы бойынша бұйымның әрбір түріне фильера таңдау;
дайын бұйымдардың сапасын тексеру және оларды пачкаларға жинақтау.

9 9. Білуге тиіс:

целлулоидтан жасалған ойыншық бөлшектерін формалаудың технологиялық процесі;
целлулоидты қыздырғанда және суытқандағы физикалық-химиялық қасиеті;
қолданылатын фильера түрлері;
бұйым сапасына қойылатын талаптар;
қауіпсіз жұмыс істеу ережесі.

4 Параграф 4. Музыкалық және дыбыс шығаратын ойыншықтарды құрастырушы, 3-разряд

10 10. Жұмыс сипаттамасы:

дыбыс планкасы түбітін, клавиатурасын, дек, дискілерін құрастыру және олардың ішінен музыкалық ойыншықтар мен дыбыс шығаратын аспаптарды монтаждау.

11 11. Білуге тиіс:

бөлшектер мен тораптарды құрастыру және монтаждау кезектілігі;
балаларға арналған музыкалық ойыншықтар мен дыбыс шығаратын аспаптардың түрлері;
музыкалық білім негіздері;
музыкалық ойыншықтардың сапасына қойылатын талаптар;
ақауды жою тәсілдері.

12 12. Жұмыс үлгілері:

1 1) балалайка, гитара – монтаждау;

2 2) органдар, түбіт гармоника камерасы, үрмелі гармоника-құрастыру.

5 Параграф 5. Музыкалық және дыбыс шығаратын ойыншықтарды құрастырушы, 4-разряд

13 13. Жұмыс сипаттамасы:

соқпалы клавишалы және клавишалы механизмдер мен музыкалық ойыншық корпустарының тораптарын, дыбыс шығару бөлігін құрастыру және монтаждау;
музыкалық ойыншықтардың жиналатын тораптарының сапасын тексеру;
жиналған бөлшектер мен тораптардың өзара іс-әрекетін реттеу;
диапазон бойынша белгіленген үндестілікке сәйкес құрастыру және дыбыстау сапасын тексеру;
түрлі үлгідегі дыбыс шығаратын аспаптарды құрастыру, теңшеу және реттеу.

14 14. Білуге тиіс:

музыкалық ойыншықтар корпусындағы бөлшектер мен тораптарды бекіту шектеулері мен орнату ережесі;
тораптар мен механизмдерді бекіту тәсілдері;
дыбыс шығаратын аспаптарды құрастыру жолдары мен ережесі;
материалдарға және жинақталған музыкалық ойыншықтарға және дыбыс шығаратын аспаптарға қойылатын техникалық талаптар.

15 15. Жұмыс үлгілері:

1 1) металлофон – жинақтау және пластиналарды бекіту;

2 2) пианино және рояльдар – корпустарын құрастыру, дыбыс өзекшелерін монтаждау;

3 3) дыбыс планкалары – резонаторларға орнату;

4 4) дыбыс шығаратын аспаптар – құрастыру және теңшеу;

5 5) резонаторлар және гармоника, саксофон, кларнет және флейтаның дыбыс пластинкалары – монтаждау және құрастыру;

6 6) музыкалық шкатулкалар – құрастыру және теңшеу.

6 Параграф 6. Музыкалық ойыншықтарды күйге келтіруші, 3-разряд

16 16. Жұмыс сипаттамасы:

шертпелі, соқпалы дыбыс шығаратын, соқпалы музыкалық ойыншықтар мен серіппелі дыбыс аспаптарын күйге келтіру;
дыбыс шығару үндестігін естіп немесе бақылау аспаптары бойынша таңдау және айқындау;
бақылау аспаптарын дайындау.

17 17. Білуге тиіс:

шертпелі, соқпалы дыбыс шығаратын, соқпалы музыкалық ойыншықтар мен серіппелі дыбыс аспаптарын күйге келтіру ережесі;
музыкалық білім негіздері;
бақылау аспаптарымен жұмыс істеу ережесі;
музыкалық ойыншықтардың сапасына қойылатын талаптар;
музыкалық ойыншықтардың түр-түрі.

7 Параграф 7. Музыкалық ойыншықтарды күйге келтіруші, 4-разряд

18 18. Жұмыс сипаттамасы:

ішекті ысқыш, клавишалық, дыбыс шығаратын, үрмелі музыкалық ойыншықтарды, әуен шығаратын ойыншықтарды және механикалық музыкалық ойыншықтарды күйге келтіру;
үндестігін естіп немесе бақылау аспаптармен таңдау және айқындау;
ойнатып және естіп күйге келтіру сапасын тексеру.

19 19. Білуге тиіс:

ішекті ысқыш, клавишалық, дыбыс шығаратын, үрмелі музыкалық ойыншықтарды, әуен шығаратын ойыншықтарды және механикалық музыкалық ойыншықтарды күйге келтіру ережесі;
күйге келтіру әдістері мен бақылау аспаптарымен жұмыс істеу ережесі;
қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын талаптар.

8 Параграф 8. Ойыншық безендіруші, 1-разряд

20 20. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті безендірушінің басшылығымен ойыншықтарды безендіру жұмыстарын орындау;
костюмдерді үтіктеу және оларды ойыншықтардың түрлеріне және мөлшеріне қарай жинақтау;
ойыншықтарды тозаңнан және қоқыстан арылту, тігістерін тарау;
ойыншықтарды қораптар мен целлофан пакеттерге орау.

21 21. Білуге тиіс:

үлгі бойынша қарапайым ойыншықтарды безендіру ережесі;
ойыншықтарды үтіктеу және жинақтау ережесі;
ойыншықтарды орау тәсілдері.

22 22. Жұмыс үлгілері:

жануар, мал, құс ойыншықтар – алжапқыш, баскиім, жабындарын, тоқымдарын және өзге де өңдеулерін кигізу.

9 Параграф 9. Ойыншық безендіруші, 2-разряд

23 23. Жұмыс сипаттамасы:

ойыншықтарды безендіру жөніндегі қарапайым жұмыстарды орындау, мұрын, мұрт, құйрық, саусақ, құлақ, бас және беттерін тігу, кестелеп тігу, жапсыру;
үлгілік ойыншықтарға көздерін жапсыру немесе қою;
ойыншықтың бетін белгілеу;
күрделі емес үлгідегі париктерге шаш жапсыру, өру, безендіру және бұрым өру;
мақтамен безендіру және оларды ойыншық фигуркаларына бекіту;
ойыншықты монтаждау каркасын дайындау;
ойыншықтың бетіне клейстер жағу және оған әйнек қар себу;
қуыршақтың түрі және мөлшеріне қарай бөлшектерін жасау, таңдау;
қуыршақтарды киіндіру;
жасанды талшық бұрымдарын металл тарақпен тарау;
ойыншықтарды тұғырына бекіту.

24 24. Білуге тиіс:

ойыншықтарды безендірудің технологиялық процесі, түрлі материалдардан безендіру бөлшектерін жасау;
ойыншықтың түрлері;
ойыншықтарды безендіру кезектілігі;
ойыншыққа клейстер жағу тәсілі және әйнекке қар себу, париктерді безендіру жолдары;
көздерін қою және желімдеу әдістері;
мұрын, мұрт, құйрық, саусақ, құлақ, бас және беттерін тігу;
кестелеп тігу, жапсыру;
материалдар мен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

25 25. Жұмыс үлгілері:

1 1) аяз атаның фигуркасы – безендіру бөлшектерін жасау;

2 2) спортшы бейнесі – безендіру бөлшектерін жасау.

10 Параграф 10. Ойыншық безендіруші, 3-разряд

26 26. Жұмыс сипаттамасы:

ойыншықтарды безендіру жөніндегі орташа күрделіктегі жұмыстарды орындау;
тұғырын жасау және оған ойыншық фигуркаларын бекіту;
түрлі материалдардан түрлі үлгідегі бас киімдерді жасау;
түсіне, ұзындығына, қалыңдығына қарай жасанды талшықтарды таңдау, оны тігін машинасымен тігу және тесьмамен бекіту;
қуыршақтарды безендіру және көз мұрындарын пневмосығыммен бекіту;
электр дәнекерлегіш арқылы пластмасса қуыршақтың басына дәке қалпақты бекіту;
шаштың күрдегі үлгісімен жасалған жасанды талшық париктерді қолмен бұйралау;
құс фигуркаларындағы құйрық, аяқ, тұмсықтарын монтаждау және оларға скульптуралық форма беру;
жануарлар мен малдардың аяқтарына табан тігу немесе желімдеу;
образды ойыншықтарды киіндіру;
ойыншықтарды бекіту тұғырларын жасау;
ойыншықтарға скульптуралық форма беру.

27 27. Білуге тиіс:

кептіру режимдері;
түрлі ұлт қуыршақтарының киім стилі және сипаты;
капрон талшықтың қасиеті мен өңдеу әдістері;
ойыншықтың скульптуралық формасы;
қызмет көрсетілетін машиналардың құрылымы мен пайдалану ережесі;
материалдар мен даяр ойыншықтардың сапасына қойылатын талаптар;
материалдар мен даяр бұйымдардың техникалық шарттары.

28 28. Жұмыс үлгілері:

ойыншықтар:

1 1) жануарлар, аңдар, құстар, көкөніс, ертегі кейіпкерлері – безендіру, монтаждау;

2 2) жануарлар, аңдар, құстар, қар қыздары бейнеленген жұмсақ ойыншақтары – безендіру, көзін, құлағын, мұрнын бекіту;

3 3) қуыршақтар – көп бөлшекті костюмдерді кигізу, бас киім жасау, парик тігу, бұйралау;

4 4) шырша ойыншықтары – безендіру, монтаждау.

11 Параграф 11. Ойыншық безендіруші, 4-разряд

29 29. Жұмыс сипаттамасы:

ойыншықтарды безендіру жөніндегі күрделі жұмыстарды орындау;
әшекейлерін таңдау;
заманауи киіну стилін ұстана отырып, түрлі халықтардың костюмі кигізілген қуыршақтардың эскиздері мен нобайын жасау;
қуыршақтың ұлттық киімдерін көркемдеп безендіру;
тиісті киім, аяқ киім, бас киім, әшекей стильдері мен үлгілерін әзірлеу және оларды ойыншық мөлшері мен фигурасына қарай жасау;
түрлі ұлт қуыршақтарының шаштарын жасау;
ойын сценасы ансамблін бейнелейтін сюжеттік-образдық ойыншықтарды безендіру;
ойыншық түріне қарай көркемдеп безендіру материалдарын эскиз бойынша іріктеу;
арнайы тапсырыс бойынша ойыншық үлгілерін жасау;
түрлі тәсілдермен ойыншықтарға әшекейлерін бекіту.

30 30. Білуге тиіс:

сурет салу негіздері;
түсті киім ансамблін ұлттық және өзге де ерекшеліктерді көрсете отырып киім, бас киім, шаш және аяқ киім түсті ансамблін әзірлеу ережесі әзірлеу ережесі;
жұмсақ ойыншықтар жасаудың технологиялық процесі;
эскиз және сызбаны оқу;
материалдар мен дайын өнімдердің сапасына қойылатын талаптар.

31 31. Жұмыс үлгілері:

1 1) ұлттық ертегілердің сюжетіне құрылған ойыншықтар – эскиз бойынша безендіру;

2 2) театр ойыншықтары – безендіру.

12 Параграф 12. Ойыншық бөлшектерін жинақтаушы, 2-разряд

32 32. Жұмыс сипаттамасы:

материалдарды, түсі мен түрлеріне қарай жиынтықтарға орташа күрделіктегі құрылымдағы ойыншық бөлшектерін жинақтау;
бөлшек сандарын есептеу;
жинақталатын бөлшектерді, бұйымдар мен материалдарды сұрыптау;
бөлшектердің толық жиынтығын тексеру және есептеу;
материал жиынтықтарын өңдеуге дайындау және жіберу.

33 33. Білуге тиіс:

жасалатын бөлшектер мен бұйымдарды жиынтықтау ережесі мен орау тәсілдері;
жинақтаушы бұйым бөлшектерінің номенклатурасы, мөлшері мен қызметі;
жекелеген ойыншық тораптарын жинақтауда бөлшектердің саны;
даяр өнімнің сұрыптылығы;
жинақталатын өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

34 34. Жұмыс үлгілері:

құрастыру:

1 1) жасанды шырша бөлшектерін;

2 2) мата, тері, плюш, поролон, ағаш ойыншық дайындамаларынан пішілген бөлшектерді;

3 3) шылдырмақтар – жинақтау.

13 Параграф 13. Ойыншық бөлшектерін жинақтаушы, 3-разряд

35 35. Жұмыс сипаттамасы:

материалдарды, түсі мен түрлеріне қарай күрделі құрылымдағы ойыншық бөлшектері мен тораптарын жинақтау;
сызбалар мен эскиздер бойынша олардың мөлшерін тексеру;
бөлшектер мен тораптарды тексеру;
сапасыз бөлшектер мен тораптарды қайтару;
конвейерге жинақтау;
жинақталған бөлшектер мен тораптарды қораптар мен пачкаларға сұрыптау және қалау;
жазба және нөмірлерді бөлшектер мен жинақталатын бұйымдарға жағу;
стеллажға қалау.

36 36. Білуге тиіс:

бөлшектерді жинақтау ережесі мен жолдары;
өңделетін бұйым түрлері;
жинақталатын бөлшектер мен бұйымдардың мемлекеттік стандарты;
бөлшектер мен тораптардың сапасына қойылатын талаптар;
бақылау-өлшеу аспабы мен оларды бөлшектерді жинақтауда және сұрыптауда пайдалану ережесі.

37 37. Жұмыс үлгілері:

1 1) ойыншық бөлшектерін: баскиім, аяқкиім, костюмдер, көз механизмдері, түрлі қуыршақ, жануарлардың париктерін – жинақтау;

2 2) пластмасса және металл ойыншық бөлшектері – жинақтау;

3 3) дыбыс шығаратын ойыншықтар – жинақтау;

4 4) қуыршақ, жануарлар мен құстардың қолдары, аяқтары, бас және кеуделері – түсіне, мөлшеріне қарай таңдау.

14 Параграф 14. Ойыншық бөлшектерін өңдеуші, 3-разряд

38 38. Жұмыс сипаттамасы:

пластмасса, металл, ағаш, ағаш үгінді массасынан және өзге де материалдардан жасалған ойыншық бөлшектері мен ойыншықтарды өңдеу;
тегістеу станоктарында, құрылғыларда ойыншық бөлшектері мен ойыншықтарды қолмен алу;
ойыншық беттеріндегі жік, жапсарларды, тегіс емес, майысқан жерлерін тегістеу;
кептіргеннен кейін ойыншық беттеріндегі жіктер мен тегіс емес жерлерін тегістеу станоктарында және қолмен тазалау;
шашу әдісімен, қылқаламмен немесе тампонмен шашу әдісімен ойыншық бөлшектерінің бетіндегі бор-желіммен және желіммен сырлау;
ойыншық бөлшектерін механизацияланған тәсілмен немесе қолмен желімдеу;
бор-желім және желім ерітінділерді әзірлеу;
даяр бұйымды тексеру және табылған ақаулықтарды жою;
бояу шашқыштарды жұмысқа дайындау және оларды реттеу;
манометр компрессоры көрсеткіштерін қадағалау.

39 39. Білуге тиіс:

түрлі материалдардан жасалған ойыншықтарды өңдеу әдістері;
желім әзірлеу рецептурасы мен тәсілі;
шпатлевкалау және сырлауға әзірлеу әдісі;
ойыншық бөлшектерін сығымдағышта және қолмен желімдеу ережесі;
ойыншық бөлшектерін шпатлевкалау, сырлау және тегістеу тәсілдері;
сығымдағыш, тегістеу станогының, бояу шашқыштың құрылымы мен оларда жұмыс істеудің қауіпсіз әдістері;
ойыншықтарды өңдеу материалдарына қойылатын талаптар.

15 Параграф 15. Ойыншық бөлшектерін сығымдаушы, 3-разряд

40 40. Жұмыс сипаттамасы:

қол сығымдарда және электрмен қыздырылатын сығымдарда ойыншық бөлшектерді;
ағаш үгінді массадан жасалған, шырша ойыншықтарын және мата салу арқылы қуыршақтарға арналған маскаларды сығымдау;
картон, қағаз, резина және өзге де материалдардан жасалған ойыншық және дыбыс аспаптарының жекелеген бөлшектерін суықтай тәсілмен сығымдау;
қол сығымын жұмысқа дайындау;
сығым формалардың электр жылытқыштарын іске қосу және ажырату;
сығым формаларын ағаш үгінді массамен толтыру;
сығымдау және қысыммен ұстау;
сығымдау формасы бөлшектерін алу және оларды тазалау;
сығым формасын және сығым массасы қалдықтарынан тазалау.

41 41. Білуге тиіс:

сығым құрылымы және онда қауіпсіз жұмыс істеу ережесі;
сығымдаудың температуралық және технологиялық режимі;
сығым формаларын орнату әдістері мен оларға қойылатын талаптар;
сығымдау формалы электржылытқышты электр желіге қосу ережесі;
бір мезгілде тиеу үшін сығымдау формасының сыйымдылығы;
шикізат және материалдардың сапасына қойылатын талаптар;
механикалық алғыштардың жұмыс істеу принципі.

16 Параграф 16. Ойыншық құрастырушы, 2-разряд

42 42. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі материалдан жасалған ойыншықтарды жоғары жиіліктегі токпен бөлшектерін дәнекерлеп, жекелеген бөлшектерді шлицпен, бұрандалы және өзге де біріктіру түрлерімен бекіте отырып қолмен құрастыру;
желім дайындау;
тігістерін тегістеу;
бөлшектерді көлеміне қарай таңдау;
бөлшектерді лапкалардың және өзге де біріктіру түрлері арқылы құрастыру;
резина, пластмасса және өзге де дөңгелектерді шиналарға отырғызу, осьтерін бекіту;
ойыншық кеуделерінде саңылау тесу және аяқ-қолдарын таспалы шарнирмен біріктіру;
шағын көлемді ойыншықтардың бөлшектеріне қолмен немесе толтыру машиналарында түрлі материал толтыру;
ойыншықтың аяқ-қолдарындағы шарнирлерді монтаждау;
ойыншықтардың шарнирленген саңылауларын тігу;
контур бойынша бөлшектерді тегістеу;
ойыншықтарды құрастыру сапасын тексеру.

43 43. Білуге тиіс:

бөлшектер мен ойыншықтардың түрлері және оларды құрастыру процесі;
ойыншықтарды құрастыруда қолданылатын материалдардың техникалық сипаттамасы;
желім дайындау тәсілдері;
сызба және эскиздерді оқу ережесі;
ойыншықтарды құрастыру және толтыру жолдары мен әдістері;
ойыншық материалдарының сапасына қойылатын талаптар.

44 44. Жұмыс үлгілері:

ойыншықтар:

1 1) шелек, пистолет, каталка, конструктор, түрлі конфигурациялы механикалық, көлік, пирамида бөлшектері, арба, жәшік, баған, дөңгелек, фара, руль – құрастыру және монтаждау;

2 2) ұзындығы 20 сантиметрге дейінгі қуыршақтар – аяқ-қолдарын құрастыру.

17 Параграф 17. Ойыншық құрастырушы, 3-разряд

45 45. Жұмыс сипаттамасы:

сызбалар мен эскиздер бойынша алдын ала жинақталған бөлшектерден, микроқозғалтқышпен жабдықталған түрлі ойыншықтарды қолмен, құрылғыларда және станоктарда құрастыру;
балаларға арналған түрлі барабандардың жекелеген бөлшектерін тораптарға және даяр бұйымдарға құрастыру және монтаждау;
ағаш үгінді массасы бөлшектерінен жасалған ойыншықтарды құрастыру және монтаждау;
шип, шкант, шпунт және тараққа бөлшектерді желіммен жапсыру;
резіңке, фальцевті тігін және өзге де қосу түрлері, ілгіш, шарнирдің жәрдемімен ойыншықтарды құрастыру;
ойыншық бөлшектерін үлгілер және көлемі бойынша таңдау;
бөлшектерді кесу, теңестіру және өлшеу;
желім, шеге және шуруптар арқылы ойыншықтардың ортасын дәлдеу және тұғырларына бекіту;
бұйымдарды тегістеу, теңдеу, тығыздау және тиісті форма беру;
сым ілмектерді шарнир дискілерге орнату және жануар, мал ойыншықтардың, қуыршақтардың аяқ-қолдары мен корпустарын шарнирлеу станогында немесе қолмен шарнирлеу;
түрлі көлемдегі ойыншықтардың бөлшектерін қолмен немесе толтыру машинасында материалға толтыру;
бөлшек формаларын түзету;
желім және эмульсия рецептурасын жасау;
инерциялық және бұрамалы механизмдерді құрастырылатын механикалық ойыншықтардың корпустарына алдын ала реттей отырып құрастыру, монтаждау және орнату және қисық кеткен жерлерін жинау;
ақаулықтарын жоя отырып айналып тұратын тораптардың өзара іс-әрекетін реттеу;
кесетін аспаптардың, құрылғыларды қайрау, түзету және термоөңдеу;
сығымдау құрылғыларын баптау, реттеу.

46 46. Білуге тиіс:

бөлшектер мен ойыншықтардың түрлері және оларды құрастыру процесі;
ойыншықтарды тұғырларына бекіту тәсілдері;
ойыншық кеуделері формаларын теңестіру тәсілдері;
ойыншық бөлшектерін желімдеуде, құрастыруда, монтаждауда қолданылатын материалдардың физикалық, химиялық қасиеттері;
орташа күрделіктегі сызбалар мен эскиздерді оқу ережесі;
инерциялық және бұрамалы механизмдерді монтаждау тәртібі;
ойыншық корпусындағы механизмдердің түрлері мен орнату ережесі;
аяқ-қолдарын біріктіру әдістері;
шарнир түрлері;
ойыншықтарды толтыру тәсілдері;
балалар барабандарын құрастыру ерекшеліктері;
ойыншық сапасына қойылатын талаптар.

47 47. Жұмыс үлгілері:

ойыншықтарды құрастыру:

1 1) автомобильдер, тракторлар, тепловоздар, дизель, көтергіш кран, электротехникалық ойыншықтар, конструкторлар, бильярдтар, жануарлар фигуркалары;

2 2) балалар барабандары;

3 3) шырша ойыншықтары, гирляндалар, шырша бұтақтары, синтетикалық материалдар мен пленкалардан жасалған шыршалар;

4 4) «күшік-ксилофонист» тәріздес құрамалы ойыншықтар;

5 5) байка, плюш, жасанды түбіт және өзге де материалдан жасалған жұмсақ ойыншықтар;

6 6) қуыршақтар.

18 Параграф 18. Ойыншық құрастырушы, 4-разряд

48 48. Жұмыс сипаттамасы:

микроэлектр қозғалтқышпен және қозғалыс механизмімен жабдықталған тораптар мен ойыншықтардың бөлшектерін құрастыру және монтаждау;
ойыншық бөлшектерін дәнекерлеу электр нүктелік аппаратында біріктіру;
магнит жүйесін және магнит сымды құрастыру, магнит ағынын тексеру;
контактілі пластина және клеммаларды монтаждау және біріктіру;
контактілі пластиналарды корпусқа электр дәнекерлегішпен дәнекерлеу;
механикалық ойыншық корпусындағы микроэлектр қозғалтқыш және редукторды монтаждау;
микроэлектр қозғалтқыш жұмысын реттеу және баптау;
ойыншықтың жиналған тораптарының өзара іс-әрекетін өңдеу;
пультпен басқару қорабындағы бөлшектерді құрастыру және монтаждау;
микоэлектр қозғалтқышты электр батареяларды біріктіру;
механизм кинематикасын құрастыру;
электр дәнекерлегіш және нүктелік дәнекерлеу аппаратын жұмысқа дайындау, оларды реттеу және баптау;
жаппай өндіріске жіберу, көрмелерге, жәрмеңкелерге көрсету үшін және сараптау кеңесіне арналған ойыншық үлгілерін құрастыру;
өз бетінше жасалған үлгі және сызба бойынша материалды таңдау және пішу;
целлулоидтан, полистиролдан және өзге де материалдардан жасалған ойыншықтардың көз механизмдері бөлшектерін құрастыру;
көздерін айналдыруды реттеу;
даяр бұйымдарға орнатуда оларды монтаждау.

49 49. Білуге тиіс:

микроэлектр қозғалтқышты ойыншықтың редукторларының түрлері және құрастыру процесі;
механизм кинематикасы мен бұрамалы электрленген, жүретін ойыншық;
күрделі сызбалар мен эскиздерді оқу ережесі;
электр нүктелік пісіру аппараттарының құрылымы және жұмыс істеу ережесі;
құрастыруға эскиздерді, сызбаларды әзірлеу тәртібі және солар бойынша ойыншық үлгілерін жасау;
ойыншық сапасына қойылатын талаптар;
жабдықтар мен құрылғылардың қызмет көрсету және баптау ережесі.

50 50. Жұмыс үлгілері:

1 1) автомобиль, тракторлар;

2 2) баржалар, теплоходтар – микроқозғалтқышты және басқару пультымен ойыншықтарды құрастыру.

19 Параграф 19. Ойыншық құрастырушы, 5-разряд

51 51. Жұмыс сипаттамасы:

қуыршақ бастарындағы көз механизмдерін құрастыру және монтаждау;
көз механизмін орнату үшін пластмасса қуыршақтың басындағы желке тұсын ашу;
көз формасы бойынша көз саңылауын кесу, тазалау;
қуыршақтың түрлі жағдайда көзінің қозғалуын дұрыс құрастыру және параллельдігін сақтай отырып қуыршақтың басындағы көз механизмін бекіту;
ағаш үгіндісі массасынан жасалған қуыршақтың басындағы көз механизмдерін бекіту бөлшектеріне гипс ерітіндісін құю;
пластина шұңқырлары мен ұштарын пісіру және пластмасса қуыршақтың басына оларды дәнекерлеу;
көз механизмі қозғалысын реттеу және көздеріне дұрыс бекіту;
суретшінің көзқарасы бойынша қуыршақтың түрлі жағдайда көзін орналастыру;
монтаждалған көз механизмдерінің сапасын тексеру.

52 52. Білуге тиіс:

қуыршақтың басындағы көз механизмін құрастыру және монтаждау кезектілігі;
дәнекерлеу жолдары;
құрылғыларды монтаждау, реттеу;
көз механизмдерін құрастыру және монтаждау сапасына қойылатын талаптар.

20 Параграф 20. Ойыншық материалдарын бояушы, 3-разряд

53 53. Жұмыс сипаттамасы:

белгіленген режимге сәйкес қуыршақ киімі мен бөлшектерінің, греж, штапельді, мыс аммиакты және өзге де жасанды талшықтарды, түрлі маталар мен материалдарды бояу;
берілген рецептура бойынша бояу ерітінділерін әзірлеу;
бұлауды су және бояйтын ерітіндімен толтыру;
бояу материалын бұлауға салу;
бояу ерітіндісінің қажетті деңгейі мен концентрациясын ұстау;
түсіру, шаю, сығу;
кептіру материалдарын дайындау.

54 54. Білуге тиіс:

материалдарды бояудың технологиялық процесі;
қолданылатын жабдықтардың құрылымы;
бояу ерітіндісі материалдарын салу және түсірудің тәртібі мен қауіпсіз тәсілі;
бояудың температуралық режимі;
бояйтын ерітінділердің рецептурасы мен жасау тәсілдері;
бояу және даяр бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

21 Параграф 21. Ойыншық материалдары мен бөлшектерін дайындаушы, 2-разряд

55 55. Жұмыс сипаттамасы:

картоннан, қағаздан, целлофаннан, металданған картоннан, түрлі пленкалардан, маталардан, ағаштан және өзге де материалдардан жасалған тік сызықты формадағы, шырша безендіруге арналған және каркас ойыншықтардың бөлшектерін арамен, станокта, штампымен, қайшымен және арнайы құрылғымен дайындау;
жайма материалдарын бояу, шырша пленкасын жасау;
сымнан жасанды шыршалардың, түрлі геометриялық фигуралардың бөлшектерін станоктар мен құрылғыларда қолмен жасау;
ағаш шырша каркасына қағаз жапсыру;
пісіру және дәнекерлеу арқылы құрылғыларда жасанды шырша, ойыншықтардың каркасын жасау;
сымдарды пештерде күйдіру, кесінділерге кесу;
шарнирлерді біріктіру үшін түйін жасау;
ағашты дайындамаға жару және кесілетін ойыншықтардың контурларын кесу.

56 56. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтарды қолдану принципі;
бөлшектер мен каркастарды жасау процесі және олардың қызметі;
аспаптар мен құрылғыларды қауіпсіз пайдалану ережесі;
сым сұрыптары, маркалары мен кесінділері;
сымды күйдіру тәсілдері;
бөлшектерді пісіру және дәнекерлеу әдістері;
ағаш жыныстары мен кемшіліктері;
даярланған бөлшектер мен ойыншық каркастарының сапасына қойылатын талаптар.

57 57. Жұмыс үлгілері:

1 1) түрлі мөлшердегі және формадағы қуыршақ, жануарлар, құстар мен өзге де ойыншықтардың каркасын жасау;

2 2) металданған картон, мата, целлофан жаймалар, картон және өзге де материалдар – пішу;

3 3) синтетикалық пленка – пішу, кесу.

22 Параграф 22. Ойыншық материалдары мен бөлшектерін дайындаушы, 3-разряд

58 58. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымға скульптуралық форма бере отырып металл каркасқа орап станоктарда шар және конус тәрізді (көкөніс, жеміс, жидек және тағы өзге деталдарды) ойыншықтардың бөлшектерін дайындау;
түрлі ойыншықтардың - адамның, жануарлардың, құстар мен аңдардың металл, ағаш және картон каркастарына қолмен мақта орау;
мақтаны тазалау және пластқа бөлу;
ойыншықтың бетіне қолмен скульптуралық форманы бекіту;
сақтау үшін клейстер жағу, оны бояуға кептіру және дайындау;
жасалатын ойыншықтардың түріне және формасына қарай станоктарды реттеу.

59 59. Білуге тиіс:

қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылымы, мақта ойыншықтардың бөлшектерін жасау процесі;
клейстер жасау рецептурасы мен тәсілдері;
дайындаманы кептіру режимі;
материалдар мен даяр өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттары;
ойыншық бөлшектерін жасау сапасын бақылау тәсілдері.

23 Параграф 23. Ойыншыққа сурет салушы, 3-разряд

60 60. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі материалдан жасалған ойыншық беттерін бір-екі түске бояу;
ойыншық костюмдеріне сурет салу;
боялған ойыншықтарды кептіру;
үлгі эталонға сәйкес сурет салу, түсі және реңкі сапасын тексеру;
ойыншық бөлшектерін формасы мен мөлшеріне қарай таңдау.

61 61. Білуге тиіс:

эскиз, үлгі, трафарет бойынша сурет салу технологиясы;
боялатын ойыншықтардың түрлері;
ойыншықтарды кептіру ережесі;
материалдар мен даяр бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

24 Параграф 24. Ойыншыққа сурет салушы, 4-разряд

62 62. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі материалдан жасалған ойыншық беттерін үш-бес түске бояу;
рельеф париктерді шаш түсіне қарай бояу;
ойыншықтарға өз бетінше құрастырылған орнаменттерді салу және жағу;
ойыншық үлгісіне сәйкес колер жасауда баяу тоны мен түсін таңдау;
берілген рецептура бойынша бояу және лактарды әзірлеу.

63 63. Білуге тиіс:

ойыншықтарға көркем сурет салу;
бояудың құрамы мен химиялық қасиеті;
бояу, лак әзірлеу ережесі;
қайталап түрлі түс және реңктегі бояу жаққанда ойыншық бетін өңдеу кезектілігі;
өз бетінше жасалған эскиз бойынша сурет салу ережесі;
белгілі бір тақырыптағы өз бетінше жасалған эскиз бойынша сурет салу және бояуларды таңдау ережесі.

25 Параграф 25. Ойыншыққа сурет салушы, 5-разряд

64 64. Жұмыс сипаттамасы:

түрлі материалдан жасалған ойыншық беттерін алты-жеті түске бояу;
ойыншыққа көркемдеп сурет салу үшін эскиз жасау;
түрлі ойыншықтардағы көркемөнер композицияларды безендіру, қуыршақ беттеріне көркемдеп сурет салу;
сурет үлгісін жасау.

65 65. Білуге тиіс:

ойыншықтарға көркем сурет салу негіздері мен жолдары;
түрлі композициядағы эскиз, сурет үлгілерін жасау ережесі;
қолданбалы өнер негізі;
материалдың және даяр өнімнің сапасына қойылатын талаптар.

26 Параграф 26. Ойыншықтарды бояушы, 2-разряд

66 66. Жұмыс сипаттамасы:

ойыншық бөлшектерін бояу шашқышпен, қылқаламмен немесе бір-екі түске аунатып бояу;
ойыншықтарды сырлау, елеусіз өңдей және белгілі бір үлгіге жетілдіре отырып сурет және әшекей салу;
сырлау, ұстау және бояудың берілген рецептурасы бойынша әзірлеу.

67 67. Білуге тиіс:

ойыншық бөлшектерін бояу, сырлау, ұстау технологиялық процесі;
бояу, сырлау және ұстау ерітінділерін әзірлеу рецептурасы;
материалдың түріне қарай ойыншықтарды бояу әдісі;
қолданылатын бояғыштардың сапасы және ойыншықтардың бояу және өңдеу сапасына қойылатын талаптар;
бояу шашқыш құрылымдары мен қауіпсіз жұмыс принципі;
бояу шашқыштардың құрылымы мен пайдалану ережесі;
бояу шашқышты реттеу ережесі.

27 Параграф 27. Ойыншықтарды бояушы, 3-разряд

68 68. Жұмыс сипаттамасы:

ойыншық бөлшектерін барабандарда бояу шашқышпен, қылқаламмен немесе үш түске аунатып бояу;
ойыншық бөлшектерін шелкография әдісімен бояу;
синтетикалық материал барабандарында бояу пигменттерін мөлшерлеу және дайындау;
берілген рецептура бойынша түрлі бояу колерлерін жасау;
ойыншықтың материалына, түріне және мөлшеріне қарай галт барабанның айналу жылдамдығын реттеу;
бояғыш жұмысын және ойыншық көлемін реттеу;
ағаш бұйымының түрі мен сапасына қарай бояғыш компоненттерін таңдау;
галт барабандары мен бояғыштарды жұмысқа дайындау;
ойыншықтардың боялған бөлшектерін, синтетикалық материалдарды салу, түсіру және кептіру;
бояу шашқыштардың жұмыс процесінде туындаған ақаулықтарды жою;
компрессордан сығым ауаның жіберілуін реттеу;
компрессор манометрі көрсеткіштерін қадағалау.

69 69. Білуге тиіс:

галт барабандарында бұйымдарды бояудың технологиялық процесі;
бояу ерітінділерін әзірлеу ережесі;
материалдардың, бояғыштар мен даяр өнімдердің сапасына қойылатын талаптар.

28 Параграф 28. Ойыншықтарды күйдіріп өңдеуші, 3-разряд

70 70. Жұмыс сипаттамасы:

әшекейлеуге жататын ойыншық бөлшектерін газ жандырғылармен күйдіру;
бөлшектерді күйдіруге дайындау, тексеру және оның сапасын айқындау;
газ жандырғылардың жұмыс істеу режимін айқындау;
газдың жіберілуін және жандырғы жалынын реттеу;
бөлшектерді бірнеше рет күйдіру;
күйдіру сапасын тексеру және бөлшектерді қалау.

71 71. Білуге тиіс:

жасалатын ойыншықтарды күйдірудің технологиялық процесі;
ойыншықтардың түрлері;
газ жандырғыларының құрылымы және қызметі және оларды пайдалану ережесі;
газ баллондарды ауыстырудың қауіпсіз әдістері мен орнату;
полиэтилен дайындамалардың сапасына қойылатын талаптар;
өрт қауіпсіздігі ережесі.

29 Параграф 29. Ойыншықты сығымдау және өңдеуге арналған материалдарын дайындаушы, 2-разряд

72 72. Жұмыс сипаттамасы:

уату машиналарында кесек ағаш қалдықтарды, ойыншық өндірісі қалдықтарын, пластикалық массаларды уатып сығымдау материалдарын дайындау:
механикалық елекпен елеу:
түсетін материалдардың сапасы мен ылғалдығына қарай берілген рецептура бойынша түрлі қоспалар мен массаларды жасау;
рецепті бойынша ағаш аралайтын масса жасау;
қолмен және механикалық қоспаларда шпатлевка, сырлау және клейстер жасау;
уату машиналары мен механикалық елек араластырғышын баптау.

73 73. Білуге тиіс:

механикалық уатқыш, араластырғыш және електің жұмыс принципі қауіпсіз қызмет көрсету және баптау;
елек нөмірлері, тальк және бордың құрамы;
пластмасса, шпаклевка, сырлау және клейстер жасау рецептурасы;
құрамдас бөлігін мөлшерлеу және оларды араластырғышқа салу кезектілігі;
материалдар мен даяр өнімнің (пластмасса, шпатлевка, сырлау және өзге материалдар және даяр өнім) сапасына қойылатын талаптар.

30 Параграф 30. Электроойындарды құрастырушы, 3-разряд

74 74. Жұмыс сипаттамасы:

құрылғыға шнур және сымды орай отырып электроойын бөлшектерін тораптарға құрастыру;
сымды, трубканы, өткізгішті және шнурды ұзындығы бойынша кесу;
өткізгіштердің ұштарын тазалау және оларға клемма дәнекерлей отырып монтаждау;
каустикалық сода ерітіндісінде сымды өңдеу және майсыздандыру;
магнит алаңында магниттеу және магнитті құрылғыда мөлшеріне қарай кесу;
электроойын қалқанындағы саңылауды тесу, қапсырманы қалау;
тораптардың өзара іс-әрекетін монтаждау сапасын тексеру және электроойынның дұрыс жұмыс істеуін тексеру.

75 75. Білуге тиіс:

бөлшектердің түрлері және торапқа құрастыру технологиялық процесі;
электроойындарын жасауда қолданылатын материалдардың техникалық сипаттамасы;
қарапайым сызбалар мен электросхемаларды оқу;
электроаспабын қауіпсіз пайдалану ережесі;
электроойындарының сапасына қойылатын талаптар;
магниттерді магниттеу ережесі мен тәсілдері.

31 Параграф 31. Электроойындарды құрастырушы, 4-разряд

76 76. Жұмыс сипаттамасы:

сымдарды, клеммаларды, батареялы және лампалы контактілерді монтаждай отырып электроойындарды құрастыру;
қайта қосу клеммаларын, лампалы контакті, электролампа, батареяларды орнату;
лампалы контактісі бар біріктіру тораптарын бекіту;
шнурды патронға біріктіру және бекіту;
шартты белгісі бар электролампа клеммасын монтаждау;
тораптардың өзара іс-әрекетін монтаждау сапасын және электроойындарының дұрыс жұмыс істеуін тексеру.

77 77. Білуге тиіс:

жасалатын электроойындардың түрлері;
электросхемаларды монтаждай отырып бөлшектер мен тораптарды құрастырудың технологиялық процесі;
электроойын қалқанындағы сымдарды монтаждау тәсілдері;
электороойындарын құрастыруда қолданылатын материалдардың қасиеті;
біріктіру тәсімдерін пайдалану ережесі;
электротехника негіздері;
сызбаларды оқу;
слесарлық аспапты қайрау, түзету және термоөңдеу;
электроойындарының сапасына қойылатын талаптар.

32 Параграф 32. Электрмен түктеуші, 2-разряд

78 78. Жұмыс сипаттамасы:

анағұрлым жоғары білікті электрмен түктеушінің басшылығымен электр статикалық алаңда түрлі маркадағы түктеу машинасында ойыншықтарды, өзге бөлшектер мен бұйымдарды түктеу;
талшықты түк кескіште кесу;
греж және жасанды талшықты түсіне, ұзындығына, эластикалығына және қалыңдығына қарай сұрыптау;
берілген рецептура бойынша желім дайындау;
талшықтың жекелеген тұлымдарын жапсыру және оларды кептіру камерасы мен аппараттарда кептіру;
талшықты ыстық су құйылған бұлауға салып шаю арқылы тазалау;
кептіру камераларында түкті кептіру;
түкті елек арқылы елеу және жалпы массадан ұсақ түкті айыру;
түктің ұзындығы бойынша түк кескіште пышақты орнату.

79 79. Білуге тиіс:

жасанды талшықтың химиялық қасиеті және оны өңдеу технологиясы;
желім әзірлеу тәсілдері және оны талшыққа салу жолдары;
түк кескіштің құрылымы және онымен жұмыс істеу ережесі;
түк кескіштің жұмыс істеу режимі;
жасанды талшықты кептірудің технологиялық режимі;
жасанды талшық, желім, түктің сапасына қойылатын талаптар;
елек арқылы түкті елеу әдісі мен кезектілігі.

33 Параграф 33. Электрмен түктеуші, 3-разряд

80 80. Жұмыс сипаттамасы:

жоғары кернеудегі электр статикалық алаңда түрлі маркадағы түктеу машинасында ойыншықтарды, өзге бөлшектер мен бұйымдарды түктеу;
ойыншықтардың бетіне түктің біркелкі жайылуы үшін оны қолмен дірілдету;
түктің ұзындығына сәйкес аппарат форсункасы ағынын реттеу;
қажетті колер май бояуын әзірлеу, түкті және ойыншықты түктеуге дайындау;
түрлі ойыншықтарды ұстағышқа орнату және оны түктеу уақытында реттеу;
ойыншықтарды бояу шашқышпен майлы бояу жағып қолмен бояу;
түктелген ойыншықтарды кептіру, тазалау және жинақтау.

81 81. Білуге тиіс:

түктеудің технологиялық режимі және оны реттеудің ережесі;
түктеу аппараттарының, электр кептіргіштің құрылымы;
түктелетін ойыншықтарды бояу әдістері және түк жағу тәсілдері;
түктелетін ойыншықтарды кептірудің технологиялық режимі;
аппараттан ауаның жіберілу ағыны реттеу тәсілі,
ойыншықтың сапасына қойылатын талаптар.

3 3-тарау. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

82 82. Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші (60-шығарылымы) БТБА-ға қосымшада көрсетілген.

164 Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына
(60-шығарылым)
қосымша
Жұмысшы кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Кәсіптердің атауы
Разрядтар диапазоны
Беті
1.
Бөлшектер мен ойыншықтарды кептіруші
2
3
2.
Бөлшектер мен ойыншықтарды формалаушы
2-3
4
3.
Музыкалық және дыбыс шығаратын ойыншықтарды құрастырушы
3-4
5
4.
Музыкалық ойыншықтарды күйге келтіруші
3-4
6
5.
Ойыншық безендіруші
1-4
7
6.
Ойыншық бөлшектерін жинақтаушы
2-3
10
7.
Ойыншық бөлшектерін өңдеуші
3
11
8.
Ойыншық бөлшектерін сығымдаушы
3
12
9.
Ойыншық құрастырушы
2-5
12
10.
Ойыншық материалдарын бояушы
3
16
11.
Ойыншық материалдары мен бөлшектерін дайындаушы
2-3
17
12.
Ойыншыққа сурет салушы
3-5
18
13.
Ойыншықтарды бояушы
2-3
19
14.
Ойыншықтарды күйдіріп өңдеуші
3
20
15.
Ойыншықты сығымдау және өңдеуге арналған материалдарын дайындаушы
2
21
16.
Электроойындарды құрастырушы
3-4
21
17.
Электрмен түктеуші
2-3
22

Қолданыстағы