Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне

Қаулы · № 193 · қабылданған 23.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/65-ekb-52140/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне Күшін жойған Қаулы ·№ 193 ·23.04.2010
15.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне

Күшін жойған Қаулы ·№ 193 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
193
Қабылданған күні
23.04.2010
Көрсетілген редакция
15.06.2012 52140_191970.kaz
Соңғы өзгеріс
15.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10SF000145
ЭКБ идентификаторы
52140
Редакция идентификаторы
52140_191970
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:19

0 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы материалдық көмек беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай біржолғы материалдық көмек ( бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) азаматтардың төмендегі санаттарына берілсін:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдіктер бойынша теңестірілетін адамдарға (интернационалист-жауынгерлер мен техногендік апаттардың салдарын жоюға қатысушыларды есептемегенде) – 5 000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мүлтіксіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының ордендерімен, медальдарымен марапатталғандарға және Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейінгі аралықта тылда алты айдан кем емес жұмыс істегендерге (қызмет еткендерге) – 2 000 теңге мөлшерінде;

2

2. Біржолғы материалдық көмекті төлеу жергілікті бюджеттің қаржысынан «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оның мүгедектеріне және соларға теңестірілгендерге, оның ішінде запасқа (отставкаға) шығарылғандарға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйегі аралығындағы әскери қызметтерін әрекет етуші әскердің құрамына кірмеген әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери оқу орындарында атқарғандарға, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталғандарға, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда алты айдан кем емес жұмыс істегендерге (қызмет істегендерге) біржолғы материалдық көмекті төлеу» 451-020-015 бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады.

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмекті тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.

4 4. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмекті аудан бюджетімен бекітілген ассигнование деңгейінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Бектасоваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қолданыстағы