Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне

Қаулы · № 173 · қабылданған 21.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/65-ekb-52143/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне Күшін жойған Қаулы ·№ 173 ·21.04.2010
23.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне

Күшін жойған Қаулы ·№ 173 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына жеке санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
173
Қабылданған күні
21.04.2010
Көрсетілген редакция
23.12.2010 52143_196331.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10SK000174
ЭКБ идентификаторы
52143
Редакция идентификаторы
52143_196331
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:21

0 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына жеке санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Келесі санаттағы азаматтарға Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына біржолғы материалдық көмек (одан әрі – біржолғы материалдық көмек) көрсетілсін:

Ұлы Отан соғының қатысушылары мен мүгедектеріне – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жәрдемақылары және кепілдемелері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (интернационалист жауынгерлер және техногенді апаттарды жою салдарына қатысқандардан басқа) – 5 000 теңге мөлшерінде;
жанкешті еңбегі және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған тұлғалар, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) тұлғаларға – 2 000 теңге мөлшерінде;
бірдей киімдер үлгісін алуға, Астана және Москва қалаларына салтанатты шараларына қатысу үшін жіберілген ардагерлер делегациясы мүшелеріне – 75 000 теңге мөлшерінде.

2

2. Біржолғы материалдық көмек жергілікті бюджет қаражатынан «Ұлы Отан соғысның қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 3 қыркүйегіне дейін әскери бөлімдерде, мекемелерде, әскери қызмет құрамына кірмейтін әскери–оқу мекемелерінде запасқа (отставкаға) кеткен, «1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдары Германиядағы Жеңісі үшін» медалімен немесе «Жапониядағы жеңісі үшін» медалімен марапатталғандар, Ұлы Отан соғысы жылдары алты айдан кем емес жұмыс істеген тұлғаларға, қызмет еткендерге Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына біржолғы материалдық көмек көрсету» 451-020-015 бағдарламасы бойынша төленеді.

3 3. «Тайынша ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмектің тағайындалып, төленуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Тайынша ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан бюджетімен бекітілген жылға қаржы бөлуді жоспарлау шегінде біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы