Құжат мәтініне өту

Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне

Қаулы · № 421 · қабылданған 12.04.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/65-ekb-52145/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне Күшін жойған Қаулы ·№ 421 ·12.04.2010
01.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне

Күшін жойған Қаулы ·№ 421 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
421
Қабылданған күні
12.04.2010
Көрсетілген редакция
01.06.2012 52145_190259.kaz
Соңғы өзгеріс
01.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10SA000178
ЭКБ идентификаторы
52145
Редакция идентификаторы
52145_190259
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:32

0 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына азаматтардың мына санаттарына біржолғы материалдық көмек (бұдан әрі – біржолғы материалдық көмек) көрсетілсін:

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға (жауынгер-интернационалистер мен техногендік сипаттағы апаттардың зардаптарын жоюға қатысқандарды қоспағанда) – 5 000 теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға - 2 000 теңге мөлшерінде;

2

2. «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында қызметтен өткен, запасқа босатылған (отставка), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» 451-020-015 бюджеттік бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

3 3. «Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы материалдық көмек тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.

4 4. «Петропавл қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала бюджетімен бекітілген қаражаттандыру шегінде біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Балтабаеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы