Құжат мәтініне өту

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы

Қаулы · № 181 · қабылданған 05.05.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.02.2011 редакциясы
https://adilet.kz/laws/65-ekb-53061/?version=AI53061_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 181 ·05.05.2010
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы

ҚАЗҰлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 181 · қабылданған 05.05.2010

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
181
Қабылданған күні
05.05.2010
Көрсетілген редакция
04.02.2011 · қолданыстағы AI53061_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
04.02.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10LD000122
ЭКБ идентификаторы
53061
Редакция идентификаторы
AI53061_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 08:13

0 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға біржолғы материалдық көмек төлеу туралы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңдарын басшылыққа ала отырып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге байланысты Қазалы ауданының әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай жекелеген санаттағы азаматтарға жергілікті бюджеттер есебінен біржолғы материалдық көмек төлеу мынадай мөлшерде жүзеге асырылады:

1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне – 50000 теңге;

2 2) Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларды сауықтыру үшін – 25000 теңге;

3 3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне тұрғын үйлерін жөндеуге – 150000 теңге (оның ішінде 100000 теңге аудандық бюджеттен);

4 4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне мерекелік киіммен қамтамасыз етуге – 15000 теңге;

5 5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне мерекелік азық-түлігін алуға – 15000 теңге;

6

6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайтадан некеге тұрмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға көліктерде жеңілдікпен жүруге – 2500 теңге.

2

2. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қызылорда облыстық филиалы Қазалы аудандық бөлімшесі ұсынған әлеуметтік төлемдер алатын адамдар туралы мәліметке сәйкес біржолғы материалдық көмекті алушылардың тізімдерін қалыптастырады.

3 3. Біржолғы материалдық көмек әрбір алушының банктік операцияларды жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеу үшін ашылған жеке шоттарына аудару жолымен төленеді.

4 4. "Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Айтуғанов) осы қаулыға сәйкес туындайтын шараларды атқарсын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Б.Бисембаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

АУДАН ӘКІМІ                                          А.КӨШЕРБАЙ