Об оказании единовременной социальной помощи к 66 летию Победы Великой Отечественной войны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании единовременной социальной помощи к 66 летию Победы Великой Отечественной войны
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай, бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1462
- Қабылданған күні
- 21.04.2011
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2011 58667_207973.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11LI000203
- ЭКБ идентификаторы
- 58667
- Редакция идентификаторы
- 58667_207973
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:31
0 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай, бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуіріндегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып және Шиелі аудандық мәслихатының (XXXХІV кезектен тыс сессиясы) 2011 жылғы 11 cәуірдегі N 44/4 шешіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, соғыста
қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтадан некеге отырмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына бір жолғы әлеуметтік көмекке 66 000 (алпыс алты мың) теңгеден және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған тыл ардагерлеріне сауықтыруға бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде 25 000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерінде төленсін.