Об оказании единовременной материальной помощи ветеранам войны и вдовам погибших в войне к 66-летию Победы в Великой Отечественной войне
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании единовременной материальной помощи ветеранам войны и вдовам погибших в войне к 66-летию Победы в Великой Отечественной войне
- Атауы (қаз.)
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен соғыста қаза тапқан жауынгерлер жесірлеріне біржолғы материалдық көмек төлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 98
- Қабылданған күні
- 27.06.2011
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2012 59642_165752.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11TD000183
- ЭКБ идентификаторы
- 59642
- Редакция идентификаторы
- 59642_165752
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 05:07
0 Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен соғыста қаза тапқан жауынгерлер жесірлеріне біржолғы материалдық көмек төлеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабын және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Заңының 40 бабын басшылыққа алып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдық мереке құрметіне аудандағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соғыста қаза тапқан жауынгерлер жесірлеріне жергілікті бюджеттен 100,0 (жүз мың) теңгеден біржолғы материалдық көмек төленсін.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тиісті санаттағы адамдарға жергілікті бюджеттен бөлінген материалдық көмегін белгілеу және төлеу шаралары жүктелсін.
3
3. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 66 "Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай соғыс және тыл еңбеккерлері мен жесірлерге жергілікті бюджет есебінен төленетін бір жолғы материалдық көмек төлеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-4-162 болып тіркеліп, 2010 жылдың 3 маусымында № 23 (3455) аудандық "Нарын таңы" газетінде жарияланған) күші жойылсын.